---
title: "НАЗЕРКЕ – АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ"
description: "15-18 шілде аралығында Бішкекте дзюдо күресінен жастар арасында Азия Чемпионаты болып өтті. Онда Аз..."
author: "Semeynews"
published: "2017-07-19T23:42:58+00:00"
modified: "2017-07-19T23:42:58+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/nazerke-aziya-chempionatyny-ola-zh-ldegeri-773459"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/nazerke-aziya-chempionatyny-ola-zh-ldegeri-773459/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# НАЗЕРКЕ – АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ

> 15-18 шілде аралығында Бішкекте дзюдо күресінен жастар арасында Азия Чемпионаты болып өтті. Онда Аз...

![](https://storage.yvision.kz/images/user/semeynews/6GqjD2b67h3Vfl2X4JLMjL3ZeI1Iu3.jpg)

15-18 шілде аралығында Бішкекте дзюдо күресінен жастар арасында Азия Чемпионаты болып өтті. Онда Азияның 18 мемлекетінен 177 жас дзюдошылар бақтарын сынаған болатын. Ел құрамасы сапында Қазақстан намысын 20 үміткер қорғап, 9 жүлдеге кенелді. Қоржында: 3 алтын, бір күміс пен 5 қола. Командалық есепте Жапония мен Оңтүстік Кореяға жол берген Қазақстан үшінші орынға тұрақтады.

Аталған Азия чемпионатында 78 келі салмақ дәрежесінде жерлесіміз Назерке Тілеуханова қола жүлдегер атанды. Ол Қазақстанда төрт жылда бір өтетін Жастар ойындарының биылғы жылғы жеңімпазы. Бұрымды дзюдошы өз салмағында Республикалық, Халықаралық турнирлер мен ел біріншіліктерінде тұрақты түрде үздік үштіктен түспей келеді. Назерке Сайханов Жандос Түсіпханұлының басшылығындағы Өскемен қаласындағы ШҚО жеке күрестен мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебінің түлегі. Оны алғаш спортқа жетелеген Үржар ауданындағы спорт мектебінің директоры болып табылатын бапкері, ХДСШ Айдар Қайырбаев. Ал, қазіргі таңда жоғары санатты жаттықтырушы Бүгілбаев Думан Айтқазыұлының қарамағында жаттығуда. Алматы қаласындағы республикалық спорт колледжінің ІІ –курс студенті болып табылатын шығысқазақстандық балуан қыз қазан айының соңында Хорватия Республикасында өтпек Әлем біріншілігіне аттанады.

---

Source: [https://yvision.kz/post/nazerke-aziya-chempionatyny-ola-zh-ldegeri-773459](https://yvision.kz/post/nazerke-aziya-chempionatyny-ola-zh-ldegeri-773459)