---
title: "НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ"
description: "21 наурыз күні СҚО Полиция департаменті Жұмысшы кентінің тұрғындарына арнап Наурыз мейрамын ұйымд..."
author: "dvd_sko"
published: "2019-03-23T14:30:30+00:00"
modified: "2019-03-23T14:30:30+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/nauryz-meyramy-828829"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/nauryz-meyramy-828829/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ

> 21 наурыз күні СҚО Полиция департаменті Жұмысшы кентінің тұрғындарына арнап Наурыз мейрамын ұйымд...

21 наурыз күні СҚО Полиция департаменті Жұмысшы кентінің тұрғындарына арнап Наурыз мейрамын ұйымдастырды. Таң атқаннан Островский көшесінде орналасқан Екінші полиция бөлімінің жаңа ғимараты жанында тұрғындар үшін палау мен өзге де ыстық тағамдар әзірленді. Ұйымдастырушылар бірнеше палатка мен киіз үй тігіп, ұлттық нақыштағы жабдықтар мен дала асханасы қойылды. «Барлық қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтаймын. Бұл мейрам достықты, бірлікті паш ететін мереке. Әр отбасына бейбітшілік, татулық пен бақыт тілеймін», - деді СҚО ПД бастығы полиция генерал-майоры Берік Біләлов құттықтау сөзінде.

Барлық тағамдар облыстық Полиция департаментінің басқармаларымен әзірленді. Наурыз-көже, ыстық шай мен бауырсақ, палау мерекеге келген барлық тұрғындарға ұсынылды. «Орталық көшелердегі мерекелік іс-шаралар сияқты. Өте қуаныштымыз!», - дейді Жұмысшы кентінің тұрғындары.

Сондай-ақ, тұрғындарға Полиция департаментінің Мәдени орталығымен әзірленген мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылды. Әйелдер кеңесінің өкілдері ұлттық салт-дәстүрлерді көрсетті. Балалар үшін спорттық сайыстар, ұлттық ойындар өткізілді. Барлық жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен, грамоталармен марапатталды. Киіз үйдің жанында тұрғындар түрлі ұлттардың әндеріне би билеп риза болды. Қала тұрғыны Елена Мордовина ризашылығын білдірді: «Мереке құтты болсын! Ұйымдастырушыларға ризамыз. Еліміздің аспаны ашық, бейбіт өмір болсын! Полиция қызметкерлеріне осындай ауқымды мереке ұйымдастырғаны үшін алғыс айтамыз».

Тәртіп сақшылары Жұмысшы кентінің көмекке мұқтаж тұрғындары үшін де сыйлықтар дайындады. Сондай-ақ Полиция департаментінің қызметкерлері аталған ықшам ауданда тұрып жатқан соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне де бас сұқты. Ал СҚО Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері отбасылық үлгідегі балалар үйіне барып, балғындарды мерекемен құттықтады. Олар үшін полицейлер спорттық байқауларын, сыйлықтарын ала келіп, мерекелік дастархан жайды.

Айта кету керек, полиция қызметкерлері 18 наурыздан бастап «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жұмыс істеуде. Мереке күндері сақшылар адамдар көп жиналатын орындарда қоғамдық тәртіпті қадағалайды.

Әлеуметтік желілерде тұрғындар алғыстарын айтуда. «Зор алғыс айтамыз», - дейді Елена Ахметов мереке туралы пікірін білдіріп.

![НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/8645ec529b405161d31900f117f627.jpg)

![НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/777d1662ebb4d207bd2424f25b7e3f.jpg)

![НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/4405b17350373d9b44d4c00167cb2a.jpg)

![НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/e7d823f22b4ebc719a6f75e261315e.jpg)

![НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/1c37e210304b1e1833a2cba23d8130.jpg)

![НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/4e4745a8cfd0658fdb0f786fe9f699.jpg)

![НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/7908a21dcff6e80cf60089bb9053b0.jpg)

![НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/0ecfcc3c776b337a0d86caf7896bed.jpg)

![НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/ea97ef5781751c25e60f6f7d5b57de.jpg)

![НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/68c27d10bafb95e78c700bf5326228.jpg)

![НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/d9fd00b1aefd672c3b540b67e65492.jpg)

![НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/b4f210e0a1eb717b6bd3d54cb0579a.jpg)

![НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/2d6fa78e0eda4d86c6d39410d3a697.jpg)

![НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/59e504a17793cf433db6fd57e27900.jpg)

![НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/ad006898c017696fdf32b4cafbb690.jpg)

![НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/27a51b412d6583ff4698a880f83691.jpg)

![НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/4766c6481a5009cb8d2429e95cb1a4.jpg)

![НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/268415ad294bc6fb300535e307cc49.jpg)

![НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/5e509c835f6901e731ed313b3f0d0a.jpg)

![НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/58d37e86ae73c2e156c451c0e0976f.jpg)

![НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/c5dd8afd4a601bf72905c34f34eb87.jpg)

СҚО ПД баспасөз қызметі

http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/sko/MAIN

---

Source: [https://yvision.kz/post/nauryz-meyramy-828829](https://yvision.kz/post/nauryz-meyramy-828829)