---
title: "Наурыз мейрамы"
description: "Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі күнтізбе бойынша (наурыздың..."
author: "Shyngysov"
published: "2011-04-21T00:37:04+00:00"
modified: "2011-04-21T00:37:04+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/nauryz-meyramy-125231"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/nauryz-meyramy-125231/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Наурыз мейрамы

> Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі күнтізбе бойынша (наурыздың...

Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі күнтізбе бойынша (наурыздың 22) күн мен түннің теңесуі кезіне келеді. Көне парсы тілінде нава=жаңа + рәзаңһ=күн, «жаңа күн» мағынасында, қазіргі парсы тілінде де сол мағынамен қалған (но=жаңа + роуз=күн; мағынасы «жаңа күн»), яғни «жаңа жылды» (күн өсуін белгілеуі) білдіреді. 2010 жылдан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы «Халықаралық Наурыз күні» қарарына сәйкес 21 наурыз - Халықаралық Наурыз күні болып қабылданды.

---

Source: [https://yvision.kz/post/nauryz-meyramy-125231](https://yvision.kz/post/nauryz-meyramy-125231)