---
title: "НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ"
description: "Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі күнтізбе бойынша (наурызды..."
author: "Gulzhanka"
published: "2011-03-20T08:33:20+00:00"
modified: "2011-03-20T08:33:20+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/nauryz-merekesi-133842"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/nauryz-merekesi-133842/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ

> Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі күнтізбе бойынша (наурызды...

*Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі [күнтізбе](http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D2%AF%D0%BD%D1%82%D1%96%D0%B7%D0%B1%D0%B5) бойынша ([наурыздың 22](http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9D%D0%B0%D1%83%D1%80%D1%8B%D0%B7%D0%B4%D1%8B%D2%A3_22)) күн мен түннің теңесуі кезіне келеді. [Көне парсы тілі](http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%9A%D3%A9%D0%BD%D0%B5_%D0%BF%D0%B0%D1%80%D1%81%D1%8B_%D1%82%D1%96%D0%BB%D1%96&action=edit&redlink=1)нде нава=жаңа + рәзаңһ=күн, «жаңа күн» мағынасында, қазіргі [парсы тілі](http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9F%D0%B0%D1%80%D1%81%D1%8B_%D1%82%D1%96%D0%BB%D1%96)нде де сол мағынамен қалған (но=жаңа + роуз=күн; мағынасы «жаңа күн»), яғни «жаңа жылды» (күн өсуін белгілеуі) білдіреді. 2010 жылдан бастап [Біріккен Ұлттар Ұйымы](http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D1%96%D1%80%D1%96%D0%BA%D0%BA%D0%B5%D0%BD_%D2%B0%D0%BB%D1%82%D1%82%D0%B0%D1%80_%D2%B0%D0%B9%D1%8B%D0%BC%D1%8B)ның Бас ассамблеясы «Халықаралық Наурыз күні» қарарына сәйкес 21 наурыз - Халықаралық Наурыз күні болып қабылданды.*

*Қазақстанда Наурыз мейрамы үш күн: 21-23 наурыз аралығында аталып өтіледі (2010 жылдан бастап). Жалпы, Наурыз парсы, кавказ және түрік халықтарының арасында көктем мейрамы және жаңа жылдың басталуы ретінде тойланады. Ол [Иран](http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%98%D1%80%D0%B0%D0%BD)да 21 наурызда, Орталық Азия елдерінде және Әзірбайжанда, мемлекеттік мереке ретінде [Тәжікстан](http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A2%D3%99%D0%B6%D1%96%D0%BA%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD)да және Қазақстанда - 22 наурызда, Өзбекстан мен Түркияда 21 наурыз күні аталып өтіледі.*

## *Тарихы*

*Наурыз мейрамы басында диқаншылық пен айналысатын иран тілдес [Орта Азия](http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%9E%D1%80%D1%82%D0%B0_%D0%90%D0%B7%D0%B8%D1%8F&action=edit&redlink=1) халықтарының күн жаз мезгіліне аусқанда егіс өсіру науқаны басталғанын мерекелеу дәстүрінен шыққан.*

*[2010](http://kk.wikipedia.org/wiki/2010) жылы Ақпанның 23-інде [Әзірбайжан](http://kk.wikipedia.org/wiki/%D3%98%D0%B7%D1%96%D1%80%D0%B1%D0%B0%D0%B9%D0%B6%D0%B0%D0%BD) мемлекеті, Ауғанстан, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркия, Албания, Македония және Үндістанның қолдау көрсетуімен Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясында «Халықаралық Наурыз күні» резолюциясының жобасы таныстырылды.*

*Осының нәтижесінде Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы «Халықаралық Наурыз күні» қарарын бірауыздан қабылдады. Осы құжатқа сәйкес 21 наурыз - Халықаралық Наурыз күні болып қабылданды және осы ежелгі мейрам туралы ақпараттарды кеңінен тарату үшін БҰҰ-ға мүше елдерге атсалысуға үндеу тасталды.*

## * Қазақ салты*

*Дәстүр бойынша бұрын Наурыз мейрамын бүкіл ауыл-ел болып, әсіресе жастар жағы түгелдей таң шапағатын қарсы алудан — тазаланған арықтарға су жіберуден, ағаш отырғызып, гүл егу рәсімін өткізуден бастайтын. Қызықшылық онан әрмен халық ойындарымен («Айқыш-ұйқыш», «Ақ серек пен көк серек», «Алқа қотан», т.б.), ән салып, би билеумен, ақындар айтысымен, «Қызғалдақ» мерекесімен, [қазақша күрес](http://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B%D1%88%D0%B0_%D0%BA%D2%AF%D1%80%D0%B5%D1%81)пен, [ат жарыс](http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D1%82_%D0%B6%D0%B0%D1%80%D1%8B%D1%81)ымен жалғасып кете беретін де, түнге қарай «Алтыбақан» айналасындағы тамашамен аяқталатын.*

*Наурыздан кейінгі 2-ші күні жұрт жаппай көктемгі егіске кірісетін. Малшы қауым да төл алуға қатысты іс-қарекетімен айналысатын. Наурызды кейінге қалдыра тұратын ауылдардың өзінде де мейрамнан кейінгі 2-ші күні жаппай егіске кірісетін.*

*Наурыздың 22 күні Наурыз мейрамы (жаңа жыл) екенін қазақ баласының көбі біледі.Наурыз туралы көптен бері,жыл сайын газеттерде жазылып келеді.Бұл мейрам-дін мейрам емес ұлт мейрамы.Тегінде Наурыз ұлт мейрамы болғандағының үстіне оның тарихи маңызының тереңдігі бар.Ызғарлы қыстың кетіп,жан йесі өмір қуатын туғызған жыл,жаздың келетіндігіне барлық жаратылыспен қатар қазақ елі де қуанатын. ˝Қыс бойы өлімнің есігін күзетіп,үңгірде жатқан кәрі құйрық,мертік-шортықтар да қыбырлап дүниеде бар екендіктерінбілгізе бастайтын,аурулар сауығамын деп,аттар тойынамын деп,жалаңаштар киімсіз де күн көремін˝ дегендей жұрттың бәріне үміт,әркім деп жылы шырай сезіне бастап, ˝ бәріміз де табиғаттың бергеніне ортақпыз ˝ дегендей сағынышты көрісілері, жалынды құшақтасуларымен жаңа жылды қарсы алатын. ˝ Бүгінгі күні Самарқанның көк тасы да жібіпті ˝ - десіп Наурыз күні бейілінкеңітпеген адамды тастан да қатты қылып шығарғысы келіп,аңыз қылысатын.*

*Еңбекші қазақ елі,шығынды тыртаңнан аттарыңның басын тарта ұстап,тарихи мейрамдарының Наурызды жаңа тұрмысқа лайықты мейрамдап өткізудің жолына түсіңдер.Жаңа жылға жаңа тілек,игі үмітпен шығуымыз керек.*

---

Source: [https://yvision.kz/post/nauryz-merekesi-133842](https://yvision.kz/post/nauryz-merekesi-133842)