---
title: "НАРАЗЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ"
description: "(ФЛЕШМОБ)Акцияға себеп болған жағдайлар:1.Короновирус індеті уақытында үкімет тарапынан халыққа қарс..."
author: "kzblog"
published: "2020-07-24T15:12:12+00:00"
modified: "2020-07-24T15:12:12+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/narazyly-akciyasy-862175"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/narazyly-akciyasy-862175/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# НАРАЗЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ

> (ФЛЕШМОБ)Акцияға себеп болған жағдайлар:1.Короновирус індеті уақытында үкімет тарапынан халыққа қарс...

(ФЛЕШМОБ)

Акцияға себеп болған жағдайлар:

1.Короновирус індеті уақытында үкімет тарапынан халыққа қарсы жасалынған қастандық салдарынан емделуге мүмкіншілігі бар көптеген науқастардың көз жұмуы.

2.Халыққа көмек көрсету мақсатында қазынадан арнайы бөлінген қаржының талан-таражға салынуы.

3.Халықтың қырғынға ұшырауына кінәлі басшылардың жауапқа тартылмауы.

4.Қазынадан мемлекеттің экономикалық-әлеуметтік дамуын қамтамассыз ету мақстаныда бөлінген орасан зор қаржының талан-таражға салыну салдарынан халықтың жаппай кедейленуі.

5.Жұмыссыздық.

6.Жемқорлық.

Жоғарыда аталған себептерге байланысты ҮКІМЕТКЕ СЕНІМСІЗДІК ЖАРИЯЛАНАДЫ.

АКЦИЯНЫҢ МАҚСАТЫ:

1.Үкімет жұмысы толық қоғам қадағалауына алу.

2.Қоғам қадағалауын қамтамассыз ету мақсатында барлық демократиялық ұйымдардың, қоғам белсенділерінің қатысуын қамтамассыз ететін ҰЛТТЫҚ КОМИССИЯ құру.

3.Карантин уақытында қазынадан бөлінген қаржы түгел халыққа көмек көрсету мақсатында жұмсалуын қамтамассыз ету (14 млрд АҚШ долларынан артық мөлшерде).

4.Ауруханаларда емделіп жатқан, бірақ карантинге байланысты емді үзу салдарынан қайтыс болған науқастардың от басына қазынадан құн төлету.

5.Індет уақытында баю үшін халыққа қастандық жасаған мемлекеттік қызметкерлердің қылмыстық жауапқа тартылып, қамауға алынуын талап ету.

6.Күйзеліске ұшыраған халықтың мойнындағы несиеге амнистия жасауға қол жеткізу.

7.Тегін білім, тегін ем алуға қол жеткізу.

8.Жемқорлықты жою.

9.Шет елдіктерге сатылған немесе ұзақ мерзімге заңсыз жалға берілген жерді мемлекетке қайтару.

АКЦИЯНЫҢ ҰРАНЫ: ТОҚАЕВ, ОЯН!

Қозғалыс, барлық АЗАМАТТАРДЫ, АНАЛАРДЫ 2020 жылдың 27 шілдесінен бастап өтетін БҮКІЛҚАЗАҚСТАНДЫҚ наразылық акциясына қатысуға шақырады.

Полициямен қақтығысқа түспес үшін, акция флешмоб түрінде өтеді (Бұл жөнінде билікке рахмет! Акцияны биліктің рұқсатынсыз қалай өткізу керек екенін 13 шілдеде көрсетіп берді).

Яғни, қатысушыларға жұмыс күндері кешкі сағат 20-20.30 аралығында, жақын арадағы (үйге, жұмысқа, т.б. қолалйлы жерге) көлік жолдарының шетіне келіп шеп құру (шеп жол шетінен қауіпсіз қашықтықта және көлік қозғалысына кедергі болмауы керек) және «Тоқаев, оян!» деген ұранды жұппен айту.

Флешмоб карантин уақыты біткенше, көрсетілген уақытта күнде болады.

Флешмобқа қатысушыларға қойылатын басты талап, бетперде кию және шепте 2 метрден кем емес арақашықтық сақтау.

Ескерту: Акция флешмоб түрінде өткізілетін болғандықтан, полиция тарапынан күшпен тарату және әкімшілік шара қолдану ЗАҢСЫЗ.

«Оян, Ұлы елдің Ұрпағы!» Ұлттық қозғалысы

24.07.2020 ж.

ҰРПАҚ БОЛАШАҒЫ БІЗДІҢ МОЙНЫМЫЗДА, БАУЫРЛАР!

Ұрпағымызды ЖЕМҚОР БИЛІКТІҢ қолында қалдырсақ, тарих бізді кешірмейді!

АКЦИЯҒА ЖАППАЙ ҚАТЫСЫҢЫЗДАР!

ҰРПАҚ БОЛАШАҒЫ ҮШІН ӘР АЗАМАТ ЖАУАПТЫ!

Репост!

Бұл шараға әрбір қазақстандық азамат қатысуы керек!

(Біздің жағдайымызды басқа планеталықтар келіп жақсартпайды ғой).

---

Source: [https://yvision.kz/post/narazyly-akciyasy-862175](https://yvision.kz/post/narazyly-akciyasy-862175)