---
title: "Намаз"
description: "Күнбатысқа үңіліп,Қол қусырып, бүгіліп.Созғыла, сопы, денеңдіБір тұрып, бір жығылып.Аузыңды жылдам к..."
author: "Xit"
published: "2018-02-04T04:11:00+00:00"
modified: "2018-02-04T04:11:00+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/namaz-795239"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/namaz-795239/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Намаз

> Күнбатысқа үңіліп,Қол қусырып, бүгіліп.Созғыла, сопы, денеңдіБір тұрып, бір жығылып.Аузыңды жылдам к...

Күнбатысқа үңіліп,

Қол қусырып, бүгіліп.

Созғыла, сопы, денеңді

Бір тұрып, бір жығылып.

Аузыңды жылдам күбірлет,

Ұзаққа созып көбірек.

«Үлкен ғалым молда екен» —

Десін надан төңірек.

Сұлтанмахмұт Торайғыров

---

Source: [https://yvision.kz/post/namaz-795239](https://yvision.kz/post/namaz-795239)