---
title: "Мьянма мен Лаоста 100-ге жуық қазақстандық құлдықта қалып отыр - СІМ"
description: "Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, соңғы екі жылда Тайландпен шекаралас елдер аумағында 200-ге жуық отандасымыз құлдықта болған. Фо"
author: "seri.jigit"
published: "2024-02-21T10:58:14+00:00"
modified: "2024-02-21T10:58:14+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/myanma-men-laosta-100-ge-zhuy-aza-standy-ldy-ta-alyp-otyr-sim-1001419"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/myanma-men-laosta-100-ge-zhuy-aza-standy-ldy-ta-alyp-otyr-sim-1001419/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мьянма мен Лаоста 100-ге жуық қазақстандық құлдықта қалып отыр - СІМ

> Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, соңғы екі жылда Тайландпен шекаралас елдер аумағында 200-ге жуық отандасымыз құлдықта болған. Фо

*Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, соңғы екі жылда Тайландпен шекаралас елдер аумағында 200-ге жуық отандасымыз құлдықта болған. *

![Мьянма мен Лаоста 100-ге жуық қазақстандық құлдықта қалып отыр - СІМ](https://storage.yvision.kz/images/user/577778/b75a63ca13eff051072fe188957c19.jpg)

Фото: paikea.ru

"Соңғы 2 жылда Тайландпен шекаралас Мьянма және Лаос аумақтарында 200-ге жуық Қазақстан азаматы еңбек құлдығына түскені мәлім. Елшіліктің жәрдемімен аталған елдердің аумағынан 28 азамат шығарылды. Айта кету керек, 60-қа жуық отандасымыз елшіліктің көмегіне сүйенбей, Қазақстанға өз еркімен оралған. Қазір бізде бар ақпаратқа сәйкес, аталған елдер аумағында 100-ге жуық қазақстандық құлдықта қалып отыр", - деді Айбек Смадияров.

---

Source: [https://yvision.kz/post/myanma-men-laosta-100-ge-zhuy-aza-standy-ldy-ta-alyp-otyr-sim-1001419](https://yvision.kz/post/myanma-men-laosta-100-ge-zhuy-aza-standy-ldy-ta-alyp-otyr-sim-1001419)