---
title: "Мұнай, түйе, бройлер тауықтары"
description: "Атырау облысы мұнай-газ және мұнай-химия секторларына маманданған. Сондықтан агроөнеркәсіптік кешен өңірдің ЖӨӨ-ге айтарлықтай үлес қос..."
author: "MarkSeveryanin"
published: "2024-12-03T13:15:07+00:00"
modified: "2024-12-03T13:15:07+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/munay-tuye-broyler-tauyktary-1010564"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/munay-tuye-broyler-tauyktary-1010564/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мұнай, түйе, бройлер тауықтары

> Атырау облысы мұнай-газ және мұнай-химия секторларына маманданған. Сондықтан агроөнеркәсіптік кешен өңірдің ЖӨӨ-ге айтарлықтай үлес қос...

![](https://storage.yvision.kz/images/user/441175/99e8634186ccc56eb05a07bf852f220e.jpg?width=800&height=533) **Атырау облысы мұнай-газ және мұнай-химия секторларына маманданған. Сондықтан агроөнеркәсіптік кешен өңірдің ЖӨӨ-ге айтарлықтай үлес қоса алмайды. Бұл ретте облыста биыл 95,6 млрд теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілген.**

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аймақ басшысы атап өткендей, биыл өңір диқандары 10,3 мың гектар алқапқа дәнді дақыл егуді жоспарлаған. Өкінішке орай, су тасқынының салдарынан небәрі 5,3 мың гектар жерге егін егілді.

Әкім:«Облысымызда биылғы жылы ірі қара мал басы өсіп, 223,8 мыңнан асты, құс басы да екі есеге өсті деп айта аламыз. (2023 ж. – 79 мың; 2024 ж. – 195 мың;).

Жалпы, биыл ауыл шаруашылығы саласын дамытуда үш инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Нәтижесінде 90 жұмыс орны ашылды. Келер жылы 26,2 миллиард теңгенің төрт жобасын жүзеге асырып, 187 жұмыс орнын ашу жоспарлануда.

Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасымен қолға алынған «Ауыл аманаты» жобасы да жүйелі түрде жүзеге асырылуда, деді спикер. Бұл мақсатқа бюджеттен 761 миллион теңге бөлініп, 83 жобаға қолдау көрсетілді. 50-і мал шаруашылығына, 30-ы шағын және орта бизнесті дамытуға қатысты.

Ал ауыл шаруашылығы аясында үш жоба жүзеге асырылуда: «Atyrau Chicken» ЖШС – тауық етін өндіру, 100 басқа арналған мал бордақылау алаңы, 20 мал сою алаңы.

Айта кетейік, «Атырау Тауық» жалғыз бройлер құс фабрикасы. Жобалық қуаттылығы Еуропалық Одақ елдерінің үздік технологияларын қолдана отырып, мұздатылған және салқындатылған өнімдерді өндіру арқылы жылына 5000 тонна құс етін құрайды.

Бірінші кезеңде фабрика облыстың органикалық тауық етіне деген сұранысының 30 пайызын қамтамасыз етеді. Оған қоса 79 жұмыс орны ашылды ![](https://storage.yvision.kz/images/user/441175/628c951211e9ffef48ba0d96c5f9f7b4.jpg?width=275&height=183)

---

Source: [https://yvision.kz/post/munay-tuye-broyler-tauyktary-1010564](https://yvision.kz/post/munay-tuye-broyler-tauyktary-1010564)