---
title: "Мотивация=Линкольн"
description: "Американың 16-шы президенті, тарихта ең көп зерттелген 100 тұлғаның катарына кіретін, , білікті ба..."
author: "arsaman_10"
published: "2016-11-16T05:27:17+00:00"
modified: "2016-11-16T05:35:43+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/motivaciya-linkoln-727029"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/motivaciya-linkoln-727029/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мотивация=Линкольн

> Американың 16-шы президенті, тарихта ең көп зерттелген 100 тұлғаның катарына кіретін, , білікті ба...

Американың 16-шы президенті, тарихта ең көп зерттелген 100 тұлғаның катарына кіретін, , білікті басшы, көреген саясаткер, керемет оратор Авраам Линкольн өмірінен біз қайсарлық пен көздеген мақсат-мұратқа жету жолындағы мықтылықты көреміз. Оның нақылға айналыр кеткен сөздеріне сәл кейінірек тоқталамыз. Әзірге, үлкен армандарға ұмтылған жас буын үшін оның өмірінен алынған біз үлгі тұтарлықтай мотивациялық мәліметтер жайында.

Линкольн кедей отбасыда дүниеге келіп, жастайынан ауыр жұмыспен айналысты. Ешқашан мектеп есігін ашпаған, өмір бойы өзін-өзі жетілдірумен болған Авраам 1836 жылы бала кезінен арманы болған адвокаттық қызметті бастады. Әділдігі және өткір тілді шешендігімен өз ортасында беделді болды.

Америка тарихында Ата заңға 13-ші түзету енгізіп,құлдықты тоқтатқанымен ел есінде қалған, 1860 жылы Американың президенті болып сайланған Линкольнның өмірі және қызметтік жолы өте ауыр болды.

• 1831 жыл – алғаш бастаған бизнесі тоқтап, банкротқа ұшырады.

• 1832 жыл – өз штатының заң палатасына сайлау барысында үміткерлігін ұсынып, сайлау қорытындысы бойынша жеңіліске ұшырады.

• 1834 – жеке бизнестегі сәтсіздіктер, кезекті банкрот.

• 1835-36- жеке өмірінде орын алған

ауырлықтар,сәтсіздіктер, бұның арты туындаған психологиялық ауыртпалықтан емделді.

• 1838- Кезекті сайлаудағы жеңіліс.

• 1843- АҚШ Конгрессіне үміткер ретінде қатысып сайлауда жеңіліске ұшырады.

• 1846- Конгресс сайлауындағы кезекті жеңілісі.

• 1848- Конгресс сайлауындағы кезекті, яғни 3-ші жеңілісі

• 1855- Сенат сайлауында жеңіліске ұшырады

• 1856 – АҚШ президенті орынбасарлығына үміткер ретінде қатысқан сайлаудағы жеңілісі.

• 1858- Сенат сайлауындағы кезекті жеңілісі.

1860 жылы АҚШ президенті болып сайланып, 1864 оның өкілеттілігі екінші мерзімге ұзартылды.

Оның мүмкін емес деген жағдайлардың өзінде жігерінің жасымауы, алға ұмтылуы, қиындықтарға мойымай, ерлік мінез танытуы, күнімізде түймедей қиындықты түйедей қылуға дайын тұратындарға ерекше үлгі боларлықтай.Линкольнның өмірі бізге адамның күшін қайрап, жігерін жаныса бәрінің де мүмкін болатынын көрсетеді.

---

Source: [https://yvision.kz/post/motivaciya-linkoln-727029](https://yvision.kz/post/motivaciya-linkoln-727029)