---
title: "Міржақып Дулатов Ашаршылық туралы"
description: "Міржақып Дулатов Ашаршылық туралы «Ақжол» газетіне бірнеше мақала жариялап, шындықты жазып, қазақ билігі қозғалсын, қимылдасын деген ни?..."
author: "Fvfylsr"
published: "2026-05-21T04:09:57+00:00"
modified: "2026-05-21T04:09:57+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/mirzhakyp-dulatov-asharshylyk-turaly-1020940"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/mirzhakyp-dulatov-asharshylyk-turaly-1020940/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Міржақып Дулатов Ашаршылық туралы

> Міржақып Дулатов Ашаршылық туралы «Ақжол» газетіне бірнеше мақала жариялап, шындықты жазып, қазақ билігі қозғалсын, қимылдасын деген ни?...

![Міржақып Дулатов Ашаршылық туралы](https://storage.yvision.kz/images/user/346450/f16e64a42530b56e117bd957f574bac7.jpg?width=625&height=750)

Міржақып Дулатов Ашаршылық туралы «Ақжол» газетіне бірнеше мақала жариялап, шындықты жазып, қазақ билігі қозғалсын, қимылдасын деген ниетте болды. «Торғай үйезінде мал қырылып жатыр. Жазғы салым ашаршылық күтіп отырмыз. Алыстан азық таситын көлік қалған жоқ. Қарқаралы үйезінде шаруа күйзелді. Мал өліп жатыр. Жұрт жаяу, аш, жалаңаш… Темір үйезінде жұт. Ауру қалың, күнде жаназа… Бөкей ордасының қазақтары томыршық деген шөптің дәнін қағып жеп жатыр… Ырғыз үйезінің қазақтары саршұнақ тышқанды жеп жатыр. Күздігүні өлген малдардың өлексесін қар астынан қазып алып жеп жатыр. Өлексе әрі ас болмай, бишаралар қырылып жатыр, — деп жазды.Ел ішін жайлаған аштық туралы айтылып, газетте жарияланғандарға «бұл ұлтшылдардың босқа даурығуы, кеңес үкіметіне қарсы іс-әрекеті, сондықтан ұлтшылдарға қарсы күресті күшейту керек» деп әрекетсіз отырған билікке М.Дулатов жанұшыра ашық түрде «Аштық қырғынынан қайтсек құтыламыз? деген мақаласын Қазақстан үкіметінің назарына деп атаумен жазды. «Елді ел қылу, қырғыннан құтқару үшін азамат тегіс атқа міну керек. Бірақ, азамат өкіметтен рұхсатсыз атқа міне алмайды. Сондықтан қазақ өкіметі қазақты ел қыламын десе, закон жолымен бекітіп, аштар үшін күйлі елдерден жылу жинауға рұхсат етсін. Елге сенімді, білімді, таза азаматтарды бастық қылып, 20-30 комиссия шығарсын. Бұларға керекті күш-көмегін берсін. Комиссиялар үйезді, облысты, ауданға бөліп араласын, жиналған малдарын жаз бойы ашаршылық болып жатқан жерлерге айдасын. Аш босқындарды аман елдерге көшіріп орналастырсын» — дей келіп, «…жалғыз өкімет тарапынан көрсетілген жәрдемге ғана сүйеніп отырсақ, елді қырып аламыз. Өкімет жәрдемін көрсете берсін, ол өз алдына, өзіміз жұрттың қамын ойлауымыз керек» деп ел зиялыларын ел ішіне баруға, көмек көрсетуге шақырды.Құрманғали Дәркеновтың 1921-1922 ЖЫЛҒЫ АШАРШЫЛЫҚ ЖӘНЕ «ТОРҒАЙ ІСІ» атты мақаласынан![#Ашаршылық](https://www.facebook.com/hashtag/%D0%B0%D1%88%D0%B0%D1%80%D1%88%D1%8B%D0%BB%D1%8B%D2%9B?__cft__[0]=AZZGro36RegW0xKIDT6BzBYMLEKYdXvEeMEcN_5v1k-gCDwSm9YeLrZr5WcEdA-qcrbNaNVcC04qbSg9W0SnZCbSX-72b1eVKbUHzNZrYMrsNghY8CH8Zkj1FMDjrIkrsVS1rDolK57D42GfkjV7CUJ7YGpiMH5TQMzQnuTVZviVMR8dD38kX6HN8TSsRHgMQIhDqGP0_HUxfaZJakkX8X6yzFaup5nXmIJHjN2Z3rwe1zW71Y-FeEQNbup-DdH03aw&__tn__=*NK-R)#Геноцид#Қазақтар#Ұмытпаймыз#Amandyq Amirkhamzin

---

Source: [https://yvision.kz/post/mirzhakyp-dulatov-asharshylyk-turaly-1020940](https://yvision.kz/post/mirzhakyp-dulatov-asharshylyk-turaly-1020940)