---
title: "«МЕН – ДОНОРМЫН»: «ҚАРАЖАНБАСМҰНАЙ» АҚ ЖҰМЫСШЫЛАРЫ ҚАН ТАПСЫРДЫ!"
description: "Науқастар мен дәрігерлерге көмектесу мақсатында «Қаражанбасмұнай» жұмысшылары «Мен – донормын» акция..."
author: "News-Aktau"
published: "2021-11-12T10:00:56+00:00"
modified: "2021-11-12T10:00:56+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/men-donormyn-arazhanbasm-nay-a-zh-mysshylary-an-tapsyrdy-954182"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/men-donormyn-arazhanbasm-nay-a-zh-mysshylary-an-tapsyrdy-954182/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «МЕН – ДОНОРМЫН»: «ҚАРАЖАНБАСМҰНАЙ» АҚ ЖҰМЫСШЫЛАРЫ ҚАН ТАПСЫРДЫ!

> Науқастар мен дәрігерлерге көмектесу мақсатында «Қаражанбасмұнай» жұмысшылары «Мен – донормын» акция...

Науқастар мен дәрігерлерге көмектесу мақсатында «Қаражанбасмұнай» жұмысшылары «Мен – донормын» акциясына атсалысып, қан тапсырды.

![«МЕН – ДОНОРМЫН»: «ҚАРАЖАНБАСМҰНАЙ» АҚ ЖҰМЫСШЫЛАРЫ ҚАН ТАПСЫРДЫ!](https://storage.yvision.kz/images/user/430096/1dcdac3e4df6912186ca9f95c1daf0.jpg)

Донор болғысы келетіндер арасында ешқашан қан тапсырмаған және донорлық базаны қалыптастыруға белсенділік танытқан мұнайшылар болды. Олардың бәрін жерлестерге көмектесуге деген таза ниет біріктірді. Сатып алу және материалдық-техникалық жабдықтау департаментінің инженері Нұрлан Шадыев «Кадрлық» донор атанып үлгерген. Себебі ол 10 жылдан бері тұрақты түрде қан тапсырады.

![«МЕН – ДОНОРМЫН»: «ҚАРАЖАНБАСМҰНАЙ» АҚ ЖҰМЫСШЫЛАРЫ ҚАН ТАПСЫРДЫ!](https://storage.yvision.kz/images/user/430096/da6311b74a5d8739f410e7aa278a26.jpg)

«Егер менің қаным біреудің өмірін құтқарса, демек мен бекерден-бекер бұл іске жауапкершілік танытпағанмын. Донор болу үшін салауатты өмір салтын ұстану, алкоголь пайдаланбау, жаман әдеттерден бас тарту, дұрыс тамақтану жеткілікті. Баршаңызды игі акцияға қосылуға шақырамын», - деді Нұрлан.

![«МЕН – ДОНОРМЫН»: «ҚАРАЖАНБАСМҰНАЙ» АҚ ЖҰМЫСШЫЛАРЫ ҚАН ТАПСЫРДЫ!](https://storage.yvision.kz/images/user/430096/2880ab41481fcc85b22947629854bf.jpg)

Акция мақсаты - өміріне қандай да бір қауіп төніп тұрған адамдарға, күрделі аурулармен күресетін науқастарға көмектесу. Мұндай бастамалар облыста гемокомпоненттердің стратегиялық қорын сақтауға көмектеседі.

---

Source: [https://yvision.kz/post/men-donormyn-arazhanbasm-nay-a-zh-mysshylary-an-tapsyrdy-954182](https://yvision.kz/post/men-donormyn-arazhanbasm-nay-a-zh-mysshylary-an-tapsyrdy-954182)