---
title: "МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АСТАНА ҚАЛАСЫ АКТИВІМЕН КЕЗДЕСУ БАРЫСЫНДАҒЫ МӘЛІМДЕМЕСІ"
description: "– Осы жылдар ішінде Қазақстан халқы бүгінде азаматтарымызды тамсандыратын және дүние жүзінен келеті..."
author: "makala"
published: "2014-10-27T23:24:11+00:00"
modified: "2014-10-27T23:24:11+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/memleket-basshysyny-astana-alasy-aktivimen-kezdesu-barysynda-y-m-limdemesi-436182"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/memleket-basshysyny-astana-alasy-aktivimen-kezdesu-barysynda-y-m-limdemesi-436182/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АСТАНА ҚАЛАСЫ АКТИВІМЕН КЕЗДЕСУ БАРЫСЫНДАҒЫ МӘЛІМДЕМЕСІ

> – Осы жылдар ішінде Қазақстан халқы бүгінде азаматтарымызды тамсандыратын және дүние жүзінен келеті...

![Vstrecha s aktivom МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АСТАНА ҚАЛАСЫ АКТИВІМЕН КЕЗДЕСУ БАРЫСЫНДАҒЫ МӘЛІМДЕМЕСІ](http://www.astana-akshamy.kz/img/2014/10/Vstrecha-s-aktivom.jpg)

– Осы жылдар ішінде Қазақстан халқы бүгінде азаматтарымызды тамсандыратын және дүние жүзінен келетін қонақтарды таңдандыратын үлкен жетістіктерге жетті. Қазақстанды барлық өзге мемлекеттер құрметтейтін болды, бұл әсіресе менің Брюссель мен Миланға сапарларымда айрықша сезілді. Біздің ЕО-мен Кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы келісім жобасы бойынша, сондай-ақ Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі аясында ЕО-мен екіжақты келіссөздерді аяқтау туралы құжатқа қол қою дерегі бүкіл Еуропалық одақ тарапынан біздің елімізге деген зор сенімді білдіреді, – деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ­станның Миланда өткен «Азия-Еуропа» Форумының салиқалы саммитіне шақырылған Орталық Азия елдерінің ішіндегі жалғыз мемлекет болғанын да атап өтті.

– Мен көптеген елдердің көш­басшыларымен кездестім. Олар Қазақстанды экономиканы дамытуымен, әлеуметтік жағдайдың орнықтылығымен, халықтың көңіл-күйімен, тыныштық және тұрақтылығымен үлгі көрсететін мемлекет ретінде қабылдайды, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы бүгінде көптеген елдер әлемдік эконо­ми­кадағы қиындықтарға байланыс­ты үлкен сын-қатерлерге кезігіп отырғанына тоқталды. (жалғасы мұнда: [mtdi.kz](http://mtdi.kz/component/content/article/4226-memleket-basshysynin-astana-kalasy-aktivymen-kezdesu-barisindagy-malimdesy))

---

Source: [https://yvision.kz/post/memleket-basshysyny-astana-alasy-aktivimen-kezdesu-barysynda-y-m-limdemesi-436182](https://yvision.kz/post/memleket-basshysyny-astana-alasy-aktivimen-kezdesu-barysynda-y-m-limdemesi-436182)