---
title: "Мектептерде тамақтануға негізсіз 20 млн теңге..."
description: "Жетісу облысында прокурорлар мектептерде тамақтануға негізсіз төленген қаражатты анықтады. Фото: pnp.ru- Прокурорлар жалпы сомасы 20 миллион теңгеден асатын мектептердегі тамақтану үшін жеткізушілерге негізсіз ақша төлеу фактілерін анықтаған...."
author: "jan.123"
published: "2024-03-11T10:47:02+00:00"
modified: "2024-03-11T10:47:02+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/mektepterde-tama-tanu-a-negizsiz-20-mln-te-ge-audaryl-an-1002115"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/mektepterde-tama-tanu-a-negizsiz-20-mln-te-ge-audaryl-an-1002115/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мектептерде тамақтануға негізсіз 20 млн теңге...

> Жетісу облысында прокурорлар мектептерде тамақтануға негізсіз төленген қаражатты анықтады. Фото: pnp.ru- Прокурорлар жалпы сомасы 20 миллион теңгеден асатын мектептердегі тамақтану үшін жеткізушілерге негізсіз ақша төлеу фактілерін анықтаған....

Жетісу облысында прокурорлар мектептерде тамақтануға негізсіз төленген қаражатты анықтады.

![Мектептерде тамақтануға негізсіз 20 млн теңге...](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/92d10a933958455148842362c71976.jpg)

Фото: pnp.ru-

Прокурорлар жалпы сомасы 20 миллион теңгеден асатын мектептердегі тамақтану үшін жеткізушілерге негізсіз ақша төлеу фактілерін анықтаған.

Мәселен, Көксу ауданында 2023 жылдың 13-15 желтоқсаны аралығында ауа райының қолайсыздығына байланысты 1-4 сынып оқушылары үшін сабақ тоқтатылған болатын.

Алайда, білім беру мекемесі жеткізушіге көрсетілген күндеріндегі ұсынылмаған тамақтану қызметі үшін 4 миллион теңгеден астам қаражат төлеген.

Ұқсас бұзушылықтар облыстағы барлық мектептерде анықталған.

Осы анықталған бұзушылықтар бойынша залалды өтеу туралы қадағалау актілері енгізілді.

Жетісу облысының прокуратурасы

---

Source: [https://yvision.kz/post/mektepterde-tama-tanu-a-negizsiz-20-mln-te-ge-audaryl-an-1002115](https://yvision.kz/post/mektepterde-tama-tanu-a-negizsiz-20-mln-te-ge-audaryl-an-1002115)