---
title: "Mega SILKWAY Наурыз мейрамын тойлауда"
description: "Астанадағы жаңа ашылған Mega SILKWAY Наурыз мейрамына орай 4 күнге мерекелік бағдарламасын әзірлеге..."
author: "symbatym"
published: "2017-03-22T23:23:37+00:00"
modified: "2017-03-22T23:32:56+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/mega-silkway-nauryz-meyramyn-toylauda-760858"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/mega-silkway-nauryz-meyramyn-toylauda-760858/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Mega SILKWAY Наурыз мейрамын тойлауда

> Астанадағы жаңа ашылған Mega SILKWAY Наурыз мейрамына орай 4 күнге мерекелік бағдарламасын әзірлеге...

![Mega SILKWAY Наурыз мейрамын тойлауда](https://storage.yvision.kz/images/user/symbatym/10Br2CkJ3jD3w3S20uh0zNMcEQamB7.jpg)

Астанадағы жаңа ашылған Mega SILKWAY Наурыз мейрамына орай 4 күнге мерекелік бағдарламасын әзірлеген. Осыған байланысты орталықтың 1-қабатында қолөнершілер жәрмеңкесі ұйымдастырылған. Мұнда келушілер саны мерекелік күндері едәуір көбейді.

Мерекелік іс-шарада эквилибристер мен акробатикалық шоулар, ауа гимнасттарының "Құстар шоуы", театрлық шерулер болып, "HASSAK" этно-фольклорлық ансамблі өнер көрсетті. Оған қоса, "Садақтан ату" шоуы мен театралды-музыкалық кавалькада күні бойы орталықтың қонақтарына мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Наурыз мейрамының тойлануының соңғы күні бүгін орталықтың ресми ашылу салтанатында сағат 18.00-ден 22.00-ге дейін болады. Естеріңізге сала кетейік, EXPO-2017 алаңындағы Mega SILKWAY 6 наурызда техникалық тұрғыда ашылған.

---

Source: [https://yvision.kz/post/mega-silkway-nauryz-meyramyn-toylauda-760858](https://yvision.kz/post/mega-silkway-nauryz-meyramyn-toylauda-760858)