---
title: "Медиация институтын дамыту"
description: "Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев аудандық соты «Тимирязев ауданының әкімі аппараты» ММ-мен б..."
author: "sko_sud"
published: "2014-12-24T08:03:19+00:00"
modified: "2014-12-24T08:03:19+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/mediaciya-institutyn-damytu-453242"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/mediaciya-institutyn-damytu-453242/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Медиация институтын дамыту

> Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев аудандық соты «Тимирязев ауданының әкімі аппараты» ММ-мен б...

![Медиация институтын дамыту](https://storage.yvision.kz/images/user/sko_sud/OaTKJRBgxPYLz8FL6L698sL132yOXF.jpg)

Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев аудандық соты «Тимирязев ауданының әкімі аппараты» ММ-мен бірлесіп, «Содружество» Солтүстік Қазақстан облысының Медиация және Құқық Орталығы» ҚБ-тің төрағасы Г.А.Пехотинаның қатысуымен және Тимирязев ауданының кәсіби емес медиаторларының, мемлекеттік органдары қызметкерлерінің және заңды тұлғалар өкілдерінің қатысуымен «Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев ауданында медиация институтын дамыту» тақырыбында семинар өткізді.

Семинарды өткізудің мақсаты – Тимирязев ауданында медиация институтын әрі қарай дамытуды насихаттау, сондай-ақ кәсіби емес медиаторларды медиацияны жүргізу тәртібін үйрету.

Семинарда медиацияны жүргізуді қолдану аясына және принциптеріне, медиацияны жүргізуге, қылмыстық істер бойынша, азаматтық және әкімшілік процестерде сотқа дейінгі іс жүргізуде медиацияны қолдануға қатысты сұрақтар талқыланды.

Семинардың қатысушыларына медиацияның негізгі базалық принциптерін, медиация тәртібін, құжаттар мен келісімдерді оқу ұсынылды, бұл кәсіби емес медиаторларға өзінің қызметін тиімді жүргізуге ықпалын тигізеді. Кәсіби емес медиаторлармен кәсіби емес медиаторлардың тиімді қызметін жүзеге асыру үшін қажетті білімді, мүмкіндіктерді, медиатордың дағдыларын жетілдіру, медиативтік техникалардың дағдыларын жетілдіру үшін семинарларды өткізу қажет.

---

Source: [https://yvision.kz/post/mediaciya-institutyn-damytu-453242](https://yvision.kz/post/mediaciya-institutyn-damytu-453242)