---
title: "MEDIA ҚҰРЫЛТАЙ-2023"
description: "Жақында Алматыда Қазақстанның медиа нарығын дамыту мәселелері бойынша жыл сайынғы XV «Media Құрылтай..."
author: "Burkhanova"
published: "2023-12-01T11:52:22+00:00"
modified: "2023-12-01T11:52:22+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/media-ryltay-2023-998323"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/media-ryltay-2023-998323/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# MEDIA ҚҰРЫЛТАЙ-2023

> Жақында Алматыда Қазақстанның медиа нарығын дамыту мәселелері бойынша жыл сайынғы XV «Media Құрылтай...

![MEDIA ҚҰРЫЛТАЙ-2023](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/382aa0d4d6ce58b41db115abf89b9e.jpg)

Жақында Алматыда Қазақстанның медиа нарығын дамыту мәселелері бойынша жыл сайынғы XV «Media Құрылтай 2023» салалық конференциясы өтті. Ұйымдастырушы - Қазақстан баспасөз клубы.

![MEDIA ҚҰРЫЛТАЙ-2023](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/ec8cf0ce5d2df4079443fca916df4a.jpg)

Құрылтайда «Масс-медиа туралы» заң жобасы талқыланды. Сессиялардың бірінде «Radio Business FM» радиосының басшысы Рустам Мақсұтов радиохабар таратушылардың негізгі ауыртпалықтары туралы мәселе қозғады.

![MEDIA ҚҰРЫЛТАЙ-2023](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/c64d954016d7a61a19c81584a31cf5.jpg)

Р. Мақсұтовтың айтуынша, бірінші мәселе – әуе толқындарының музыкалық мазмұны. Қазақ әндерінің көпшілігі радиоға жарамайды.

![MEDIA ҚҰРЫЛТАЙ-2023](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/edac6a43f912888e4ff04f5ee5aca8.jpg)

«Радиостанциялар мен тыңдаушылардың өз талғамы бар. Шын мәнінде, қазір қазақ тілді аудитория үшін шығарылатын әндер көбінесе біз ұсынатын талаптарға сәйкес келмейді. Олар мейрамханалар мен кафелерде айтылатын әндер. Сондықтан форматымызға сай емес», – деді Рустам Мақсұтов.

![MEDIA ҚҰРЫЛТАЙ-2023](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/8ddfebc5af274b5aee0a494f0295ab.jpg)

Шара шеңберіндегі отандық медиа нарық, ішкі және сыртқы саясаттың әсерінен күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелер, қоғамдық пікірді қалыптастыру және басқару, еліміздегі "Масс-медиа туралы” жаңа заң жобасында ескерілуі тиіс ұсыныстар, қазақ тіліндегі әлеуметтік желілер (Телеграм), іскерлік және қаржылық журналистиканың қоғамдық пікірге ықпалы т.б тақырыптар талқыланды.

![MEDIA ҚҰРЫЛТАЙ-2023](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/eb3bac488721770f7cf7729d3d00fd.jpg)

Спикерлер - өз саласының хас шебері. Тәуелсіздік алғалы 30 жылда журналистика дамып келеді. Бос ниша көп, зерттелетін тақырып көп, бірақ маман тапшы. Қазақша контенттің сапасы мен сұранысы артқанына қарамастан БАҚ іскерлік салаға мойын бұруға мүдделі емес. Мемлекеттік тілде кәсіби тұрғыда пікір білдіре алатын сарапшылар аз. Ақпарат әлі күнге (30 жылдан асты) орысша келеді. Ашық дереккөздермен журналистер жұмыс істей алмайды.

![MEDIA ҚҰРЫЛТАЙ-2023](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/cfc5fe77c388c0563f9ed614b438ba.jpg)

Қаржылық тақырыптарға қатысты күн тәртібіне шыққан мәселелерді қоғам өзі ұсынады. Ал, арнайы сараптама мен журналистік зерттеу жасауға білім мен білік жетпейді. Көп жағдайда ақпарат берумен шектелетіні сондықтан. Қысқасы, шарада көп мәселе айтылды. Ұсыныс пен проблеманы шешу жолдары да. Отырысқа қатысқан барлық спикерге алғысымыз шексіз. Медиа құрылтайды ұйымдастырушыларына алғысымыз шексіз!

![MEDIA ҚҰРЫЛТАЙ-2023](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/d9c29426f4ea840bbba66ba8b367ce.jpg)

Қазақ журналистикасының қордаланып қалған өзекті мәселелерін кез келген мінберден талқылай беру керек. Шешу жолдарын көрсету қажет бастысы. Өйткені, бұл отандық журналистиканы дамытуға септігін тигізері анық.

![MEDIA ҚҰРЫЛТАЙ-2023](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/359042d10899f175b6c2215f606de2.jpg)

#медиакурылтай23 #медиакурылтай22 #медиакурылтай2023 #mediaҚұрылтай2023

---

Source: [https://yvision.kz/post/media-ryltay-2023-998323](https://yvision.kz/post/media-ryltay-2023-998323)