---
title: "МАРАПАТТАУ"
description: "Қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері тәулік бойы облыс орталығындағы қылмыспен күресіп, қоғам..."
author: "dvd_sko"
published: "2019-05-10T15:37:04+00:00"
modified: "2019-05-10T15:37:04+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/marapattau-832186"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/marapattau-832186/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# МАРАПАТТАУ

> Қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері тәулік бойы облыс орталығындағы қылмыспен күресіп, қоғам...

Қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері тәулік бойы облыс орталығындағы қылмыспен күресіп, қоғамдық, жол қауіпсіздігінің сақталуын қадағалауда. Полицейлер жұмысының басым бөлігі қала тұрғындарына байқалмағанымен, қаладағы қауіпсіздік және жайлылық тікелей офицерлер мен сержанттардың кәсібилігіне байланысты.

Мереке күндері қарсаңында қызметіне адал қарағандары және тәртіптері үшін 6 полицей Петропавл қаласының әкімі Болат Жұмабековтің алғыс хаттарымен марапатталды. 8 қызметкер кезекті арнаулы атаққа ие болды. II дәрежелі "Ішкі icтep органдарының үздігі" медалімен қалалық Полиция басқармасының Тылдық қамтамасыз ету бөлімі бастығы полиция майоры Қалабай Базарбаев марапатталды.

«Мен ішкі істер органдарында 1999 жылдан қызмет атқарып келемін. Жеңіс күні қарсаңында осындай марапат алып жатқаныма қуаныштымын. Әріптестеріме, әсіресе жас қызметкерлерге Ұлы Отан соғысының майдан даласынан жеңіспен оралған әкелері мен аталарының ерліктерін ұмытпауларын тілеймін», - деді Қалабай Базарбаев.

Салтанатты жиынға полицейлермен бірге ішкі істер органдарының ардагерлері де қатысты. Қалалық Полиция басқармасының Ардагерлер кеңесінің төрағасы Серғали Жұмағұловтың жетекшілігімен құқық қорғау органдарының зейнеткерлері өздерінің тәжірибесімен бөліседі, жас қызметкерлерге тәлімгер болып, Полиция басқармасының маңызды іс-шараларына қатысады. Полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Жандос Мұхатов жеке құрамға және ардагерлерге жасаған еңбектері мен адал қызметтері үшін алғыс білдірді.

Іс-шара қалалық мәдениет үйінің шығармашылық ұжымдарының көмегімен әзірленген концерттік бағдарламамен аяқталды. Бір сағатқа созылған концерт мереке күндерінде күшейтілген түрде қызмет атқаратын полицейлер үшін мерекелік көңіл күй сыйлады.

![МАРАПАТТАУ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/26660ac4f7c71bc84c4a989fdd37be.jpg)

![МАРАПАТТАУ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/e27938796b7573c3c260d037e6bbfa.jpg)

![МАРАПАТТАУ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/a953f1f6152ad65059a097cc2feee7.jpg)

![МАРАПАТТАУ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/e9b6356f38b8c553dadabf7fb2e370.jpg)

![МАРАПАТТАУ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/d780207da08ef04c40165f4de6fc58.jpg)

СҚО ПД баспасөз қызметі

---

Source: [https://yvision.kz/post/marapattau-832186](https://yvision.kz/post/marapattau-832186)