---
title: "«Мәдени тоғысу: мәдениеттер диалогы» библио-көпір"
description: "23 қыркүйек – Қырғыз Республикасының Мемлекеттік тіл күнінде Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы..."
author: "altynsaryn_obzhk_qst"
published: "2026-09-23T10:57:58+00:00"
modified: "2026-09-23T10:57:58+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/madeni-togysu-madenietter-dialogy-biblio-kopir-1022082"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/madeni-togysu-madenietter-dialogy-biblio-kopir-1022082/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Мәдени тоғысу: мәдениеттер диалогы» библио-көпір

> 23 қыркүйек – Қырғыз Республикасының Мемлекеттік тіл күнінде Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы...

![«Мәдени тоғысу: мәдениеттер диалогы» библио-көпір](https://storage.yvision.kz/images/user/263835/9ff6e18637fc3066b2584847d0155994.jpg?width=1439&height=1004)

23 қыркүйек – Қырғыз Республикасының Мемлекеттік тіл күнінде Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында Токтогул Сатылганов атындағы Ош облыстық кітапханасымен халықаралық онлайн-көпір өтті. Іс-шара Қостанай қалалық Достық үйімен бірлесіп ұйымдастырылды.Кездесудің құрметті қонақтары Қостанай облысындағы қырғыз қауымдастығының өкілдері болды.

![«Мәдени тоғысу: мәдениеттер диалогы» библио-көпір](https://storage.yvision.kz/images/user/263835/e13fe7462c759a9a1f3fea4b1be46419.jpg?width=1440&height=1022)

Олар қатысушыларды өз отандарының бай мәдени мұрасымен таныстырып, Қырғызстанның бірегей үйлену тойы салт-дәстүрлері туралы кеңінен әңгімелеп берді.Мәдениеттер диалогына А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің журналистика кафедрасының студенттері белсенді қатысты. Болашақ медиа мамандары этнографиялық дәстүрлер мен мәдениетаралық өзара іс-қимылдың қыр-сырын біліп қана қоймай, халықаралық кездесудің маңызды сәттерін де таспаға түсіріп үлгерді.Онлайн-кездесу Қазақстан мен Қырғызстанның кітапханалары мен жастары арасындағы достық байланыстарды, мәдени алмасуды және кәсіби ынтымақтастықты нығайту жолындағы тағы бір қадам болды.

---

Source: [https://yvision.kz/post/madeni-togysu-madenietter-dialogy-biblio-kopir-1022082](https://yvision.kz/post/madeni-togysu-madenietter-dialogy-biblio-kopir-1022082)