---
title: "«МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ» МӘҢГІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ»."
description: "15-ші желтоқсанда Шымкентте Тәуелсіздіктің 25 жылдығының аясында «Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық патриотт..."
author: "shymcity"
published: "2016-12-20T05:48:47+00:00"
modified: "2016-12-20T05:48:47+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/m-gilik-eldi-m-gilik-ndyly-tary-739461"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/m-gilik-eldi-m-gilik-ndyly-tary-739461/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ» МӘҢГІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ».

> 15-ші желтоқсанда Шымкентте Тәуелсіздіктің 25 жылдығының аясында «Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық патриотт...

15-ші желтоқсанда Шымкентте Тәуелсіздіктің 25 жылдығының аясында «Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық патриоттық идеясына арналған іс-шаралар өтті.

Шымкент қаласы әкімінің қолдауымен «Түркістан» салтанат сарайында симфониялық музыка кеші өтті. Алматы қаласының эстрадалық-симфониялық оркестрі және Оңтүстік Қазақстандық музыканттар екі сағаттан аса Шымкенттік музыка сүюші қауымды қуантты. Жер-жерде қаланың ішінде салтанатты жиналыстар өтті, еңбегі сіңген қызметкерлер марапатталды, қорытындылар жасалып, болашақ жоспарлар құрылды. Сонымен қатар, Шымкентте 16-17 желтоқсандық салтанаттарға соңғы дайындықтар жүргізілді. Бұл күндері барлық зейнеткерлер қоғамдық көлік қызметтерін ақысыз пайдалана алады. Қала тұрғындарына мұндай сыйлықты «Южавтотранс» қауымдастығы табыстады.

---

Source: [https://yvision.kz/post/m-gilik-eldi-m-gilik-ndyly-tary-739461](https://yvision.kz/post/m-gilik-eldi-m-gilik-ndyly-tary-739461)