---
title: "М.Д. Рахметовке"
description: "...Қара тасын Біздер туған мына байтақ даланың. Перзентіне жер-ананың баладым. Құз жартастар міне..."
author: "Muxit"
published: "2016-07-15T04:29:40+00:00"
modified: "2016-10-23T21:57:45+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/m-d-rahmetovke-702490"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/m-d-rahmetovke-702490/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# М.Д. Рахметовке

> ...Қара тасын Біздер туған мына байтақ даланың. Перзентіне жер-ананың баладым. Құз жартастар міне...

![](https://storage.yvision.kz/images/user/muxit/4J6jYHekIG7dxd887ga5EL7avwBC9M.jpg)

 

...Қара тасын

Біздер туған мына байтақ даланың.

Перзентіне жер-ананың баладым.

Құз жартастар мінездегі өрлігім,

Шындар анау қияндарға

Қадалатын жанарым.

Содан ба екен.

Шың ,құздарды алыс жүрсем сағынам.

Қара тасы бой тұмарым

Өзге жұрттың ақ мәрмәрін не қылам.

Қара тасым күй тербетіп алдымнан,

Тұрғандайын әрқайсысы салып ән.

Қара тасқа

Мүсншінің сырын шертсе шапқысы

Безе қашпай

Шыңылына шыдайды екен шақ кісі.

Жансыз тасты қырнап, жонып, бір қалыпқа келтірген,

Хас шебердің аңсай күткен бақ құсы,

Төбесінде сәті ме екен қалықтаған бұл сірә,

Шомбал тасты балшықша илеп көндірген де ырқына.

Маңдайынан моншақ-моншақ тер саулап,

Мүсіншінің тұрқына сүйсінді жұрт.

Сырт бақылап ұзақ тұрдым қасында,

Жұмбақ мүсін сыр сымбаты ашыла...

Бұқар жырау бабам болып о тәубә,

Оралғанба туған жерге асыға.

Деген ойға пенделікпен берілгем,

Сенсең аға көз алдымда керілген,

Байтақ дала әулиеге тәуәп қып,

Шың , құздарым бас игендей көрінген.

 

**М.Д. Рахметову**

** **

Агатовый камень бескрайных степей,

Где и мы радость жизни вкусили,

Один из ее малых детей,

А в утесах - мужская сила.

Потому я к вершинам гор

Устремляю нередко очи.

От того, коль от них далеко,

Я грущу и скучаю очень.

Агатовый камень - мой амулет,

А не мрамор, белейший всуе..

Он всегда словно мне поет

И играет степей кюи.

 

*Сулеймен Баязитов*

***Перевод Талгата Гарипова***

---

Source: [https://yvision.kz/post/m-d-rahmetovke-702490](https://yvision.kz/post/m-d-rahmetovke-702490)