---
title: "ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІНІҢ, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІНІҢ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНА ЖАСАҒАН ЕҢБЕКТЕРІ МӘҢГІЛІК"
description: "2020 жылғы 26 желтоқсан күні Түлкібас аудандық маслихатының депутаттығына үміткер Ж. Абиловтың сайл..."
author: "tulkubas.nurotan.kz"
published: "2020-12-27T07:42:24+00:00"
modified: "2020-12-27T07:42:24+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/ly-otan-so-ysy-ardagerlerini-o-am-ayratkerlerini-aza-hal-yna-zhasa-an-e-bekteri-m-gilik-902423"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/ly-otan-so-ysy-ardagerlerini-o-am-ayratkerlerini-aza-hal-yna-zhasa-an-e-bekteri-m-gilik-902423/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІНІҢ, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІНІҢ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНА ЖАСАҒАН ЕҢБЕКТЕРІ МӘҢГІЛІК

> 2020 жылғы 26 желтоқсан күні Түлкібас аудандық маслихатының депутаттығына үміткер Ж. Абиловтың сайл...

2020 жылғы 26 желтоқсан күні Түлкібас аудандық маслихатының депутаттығына үміткер Ж. Абиловтың сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары Түлкібас аудандық түрік этно-мәдени орталығының ғимаратынан бастау алды. Іс-шараға аудандық партияның негізін қалаушылардың бірі Б.Ш.Қуанышбеков, Түлкібас ауданы қоғамдық келісім ұйымының төрағасы, ардагер ұстаз Қ.Анашев, Түлкібас ауданы маслихатының депутаттығына үміткер Д.М.Абишев және Түлкібас ауданы түрік этно-мәдени орталығының ардагерлер, жастар, спорт комитетінің төрағаларымен мүшелері қатысты. Іс-шара барысында қазақтың ұлы тумасы, қоғам қайраткері, түркі халықтарының бірлігінің негізін қалаған Т.Рысқұловтың аудан орталығындағы ескерткішіне, аудан орталығындағы Ұлы Отан соғысы батырларына арналған «Мәңгілік алауы» кешеніне гүл шоқтары қойылып, аруақтарына тағзым етілді. Іс-шара барысында боздақтардың әруағына құран бағышталды. Жиынға қатысушылар осындай Іс- шаралар аудан мектептерінде және елді мекендердегі қоғам қайраткерлеріне және батыр аталарымыз бен апаларымызға арналған ескерткіштерде жалғасын тапса, Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасындағы жастарға патриоттық тәрбие беруге зор үлес қосатынын айытты. Жиынға қатысушылар «Nur Оtan» партиясының ұсынып отырған бағдарламасы мен ұстанып отырған дұрыс бағытына қолдау көрсетіп, оның орындалуына жан-жақты ат салысатындығын білдірді. Үміткер сайлау алды үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыру мақсатында Т.Рысқұлов ауылының байырғы тұрғыны, Ұлы Отан соғысының ардагері, батыр ана Мащенко Александра Владимировнаның және Т.Рысқұлов ауылының тұрғыны, еңбек ардагері Шамшилов Або атаның үйінде қонақта болды. Үміткер «Nur Оtan» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстыру үшін Майтөбе ауылының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында тұрғындардың ой-пікірлерін тыңдап, сайлаушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Тұрғындар еліміздегі тұрақтылықты қолдап, халықтың бірлігіне және еліміздің ынтымағына сызат түспесін, Тәуелсіз Қазақстанның әр бір отбасына бақ - береке тіледі.

---

Source: [https://yvision.kz/post/ly-otan-so-ysy-ardagerlerini-o-am-ayratkerlerini-aza-hal-yna-zhasa-an-e-bekteri-m-gilik-902423](https://yvision.kz/post/ly-otan-so-ysy-ardagerlerini-o-am-ayratkerlerini-aza-hal-yna-zhasa-an-e-bekteri-m-gilik-902423)