---
title: "Үлкен ел – Үлкен отбасы"
description: "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігін..."
author: "AlmatyAnticorruption"
published: "2015-12-10T23:49:07+00:00"
modified: "2015-12-10T23:49:07+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/lken-el-lken-otbasy-667212"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/lken-el-lken-otbasy-667212/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Үлкен ел – Үлкен отбасы

> Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігін...

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті (әрі қарай - Департамент) Алматы қаласының орталық мәдениет және демалыс саяжайында Қазақстан халықтары Ассамблеясының мерейтойы және Кореяның азат етілуінің 70 жылдығына арналған «Бір шаңырақтың астында» фестивалі шеңберінде Алматы қаласы Қазақстан халықтарының Ассамблеясымен бірлесіп, «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» және «100 нақты қадам» Ұлт жоспары бойынша түсіндіру жұмысын жүргізді.

Бұл іс-шараға шамамен 1000 адам, олардың арасында этномәдени бірлестіктердің, шығармашылық ұжымдардың өкілдері, жастар, БАҚ, сондай-ақ, Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Департамент қызметкерлері «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының» негізгі тетіктерін және Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұсынған кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру - «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының алғашқы институционалдық реформасын түсіндірді. Сонымен қатар, фестиваль қатысушыларына, Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мазмұндағы жаднамалар және кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру бойынша буклеттер таратылды.

Секретариат басшысы - Алматы қаласы Қазақстан халықтарының Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Маргарита Абдалиева өзінің баяндамасында Елбасы ұсынған Ұлттық жоспарды жүзеге асыру мақсатында **«Біртектілік пен бірлік»** Ұлт жоспарының қадамдарын түсіндірді.

![Үлкен ел – Үлкен отбасы](https://storage.yvision.kz/images/user/almatyanticorruption/7ZU897DbRJW4KjZu1Xba62aVfVyt1c.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/post/lken-el-lken-otbasy-667212](https://yvision.kz/post/lken-el-lken-otbasy-667212)