---
title: "«Әлихан жолы»"
description: "8 маусым күні Павлодар облысы Жастар бастамаларын дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Тұлға жолы» жо..."
author: "CRMI"
published: "2016-06-07T22:10:05+00:00"
modified: "2016-06-07T22:10:05+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/lihan-zholy-696700"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/lihan-zholy-696700/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Әлихан жолы»

> 8 маусым күні Павлодар облысы Жастар бастамаларын дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Тұлға жолы» жо...

8 маусым күні Павлодар облысы Жастар бастамаларын дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Тұлға жолы» жобасының аясында ұйымдастырылатын «Әлихан жолы» экспедициясының қатысушылары жолға шықты. Қатысушылар саны 25 адам. Алғаш болып Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласында тоқтамақ.

Жоба мақсаты мен міндеттері:

Мемлекет және қоғам қайраткері, ұстаз, журналист, этнограф Әлихан Бөкейханның туғанына 150 жылдық мерейтойын тойлау.

![«Әлихан жолы»](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/85jEdg1bKH80U6U0QnkTUgcUL58emL.jpg)

Халқымыздың тарихи құндылықтарын насихаттау Ә. Бөкейханның ізі қалған өлкелерге саяхат жасау. «Әлихан жолы» экспедициясының ұжымында: айтыскер ақындар, дәстүрлі әншілер және Павлодар облысының ауыл жастары бар.

Семей қаласының жастарымен кездесіп, концерттік бағдарламаларын ұсынбақ.

---

Source: [https://yvision.kz/post/lihan-zholy-696700](https://yvision.kz/post/lihan-zholy-696700)