---
title: "Ленинградты азат еткен дивизия"
description: "Жеңіс күні қарсаңында Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша депа..."
author: "finpolsko"
published: "2016-05-10T22:11:24+00:00"
modified: "2016-05-10T22:11:24+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/leningradty-azat-etken-diviziya-692718"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/leningradty-azat-etken-diviziya-692718/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ленинградты азат еткен дивизия

> Жеңіс күні қарсаңында Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша депа...

![Ленинградты азат еткен дивизия](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/sAMgw2M5svrb7vnuZZ1GBu2293hTKB.jpg)

Жеңіс күні қарсаңында Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің ұжымы Кутузов орденді Кингисепп 314 атқыштар дивизиясы жауынгерлеріне арналған ескерткіштің алдына жиналып, оларды еске алды.

Монумент алдына жиылған Департамент өкілдері сұрапыл шайқаста қаза тапқан жерлестеріміздің рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қою рәсімін өткізді.

![Ленинградты азат еткен дивизия](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/p7aracsAf2Ensr5BvKdrlyY4Jjno2j.jpg)

Ұлы Отан соғысының тарихында айрықша орын алған Ленинград қаласын қорғау операциясына 1941 жылдың 6 қыркүйегінен бастап қатысқан дивизия асқан ерлік көрсетті.

Ленинград блокадасынан соң 1943 жылдың басында батысқа аяқ басқан 314 атқыштар дивизиясы Прибалтика, Польша, Германия жерлерін азат етіп, Чехословакияда жорық жолын аяқтады. Ірі шайқастарда қаһармандығымен танылған дивизия II дәрежелі Кутузов орденімен наградталды.

![Ленинградты азат еткен дивизия](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/xnEfg7m6fLD6579o8iyeshYY89Rq5J.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/post/leningradty-azat-etken-diviziya-692718](https://yvision.kz/post/leningradty-azat-etken-diviziya-692718)