---
title: "\"ӨЛДІҢ ҚАЗАҚ, ҚОР БОЛДЫҢ!\" ДЕГЕН ОСЫ..."
description: "Жүрегінде намысы бар, жерді, елді қорғауға дайын азаматтарды осылай, жазықсыз соттай берсе, ертең ел..."
author: "kzblog"
published: "2020-09-30T09:55:11+00:00"
modified: "2020-09-30T09:55:11+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/ldi-aza-or-boldy-degen-osy-867630"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/ldi-aza-or-boldy-degen-osy-867630/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# "ӨЛДІҢ ҚАЗАҚ, ҚОР БОЛДЫҢ!" ДЕГЕН ОСЫ...

> Жүрегінде намысы бар, жерді, елді қорғауға дайын азаматтарды осылай, жазықсыз соттай берсе, ертең ел...

Жүрегінде намысы бар, жерді, елді қорғауға дайын азаматтарды осылай, жазықсыз соттай берсе, ертең ел шетіне жау келсе (Жау жоқ деме, жар астында!), жерді, елді қорғайтын азамат қалмайды!

Ел басына күн туса, мемлекеттік тілді менсінбейтін сақау билік ел мүддесін сатып, шет ел асып кетері сөзсіз.

Олар мемлекеттік мүддені қазірдің өзінде сатып отыр. Оның дәлелі, дүнгендер өздерінің сепаратистік пиғылдарын ашық көрсетіп, мемлекеттің туын өртеп, ауыл үстінен өтетін жолды өзінің жеке меншігіндей иемденіп, мемлекет құраушы ұлт өкілдерінің жүруіне тиым салып отырған сепаратистерге 2,6 жыл шектеу "жазасын" қолдану. Бұл ешқандай сын көтермейді және жемқорлықтың дәлелі!

Дүнген сепаратистері жемқор билікті әлде қашан сатып алғандарын, өздерінің ешқандай жазаға тартылмайтынын бүлік кезінің өзінде ашық жариялаған болатын.

Биліктің бұл бассыздығына бұдан әрі төзуге болмайды!

Жазықсыз, елін, жерін қорғағаны үшін сотталған Батыр азаматтарға халық болып араша түсейік !!!

Олардың орнына, полиция формасын жемқорлықпен айналысу үшін киіп жүрген, сепаратистік бүліктің шығуына жол беріп, не халықты, не өздерін қорғай алмай масқара болған "полицейлер" сотталсын!

Осы жағдайларға байланысты жаппай наразылық акциясын өткізге шақырамыз!

Акцияның өтетін жері мен уақыты тиісті шешім қабалданғаннан кейін қосымша хабарланады. Жазықсыз сотталған Батырлар, олардың туыстары мен қорғаушыларын WhatsApp +7 778 145 1926 арқылы, шығарылған үкімді талдап, зерттеу үшін хабарласыды сұраймыз.

"Оян, Ұлы Елдің Ұрпағы!" Ұлттық қозғалысы 30.09.2020 ж.

---

Source: [https://yvision.kz/post/ldi-aza-or-boldy-degen-osy-867630](https://yvision.kz/post/ldi-aza-or-boldy-degen-osy-867630)