---
title: "ҰЛ ТӘРБИЕЛЕП ОТЫРҒАН АНАЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА:"
description: "Ұлыңызды шектен тыс қорғаштамаңыз. 3 жастан кейін ұлыңызды қойныңызға алып жатпаңыз. Бұл әрекетіңіз..."
author: "yelzhas_ertaiuly"
published: "2017-11-07T04:20:58+00:00"
modified: "2017-11-07T04:20:58+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/l-t-rbielep-otyr-an-analardy-nazaryna-784129"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/l-t-rbielep-otyr-an-analardy-nazaryna-784129/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ҰЛ ТӘРБИЕЛЕП ОТЫРҒАН АНАЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА:

> Ұлыңызды шектен тыс қорғаштамаңыз. 3 жастан кейін ұлыңызды қойныңызға алып жатпаңыз. Бұл әрекетіңіз...

![ҰЛ ТӘРБИЕЛЕП ОТЫРҒАН АНАЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА:](https://storage.yvision.kz/images/user/yelzhas_ertaiuly/B5Vc1a1EjpVv85Pzcm3awn4QAc2No2.jpg)

- Ұлыңызды шектен тыс қорғаштамаңыз.

- 3 жастан кейін ұлыңызды қойныңызға алып жатпаңыз. Бұл әрекетіңіз ұлыңыздағы батылдық сезімі мен өз-өзіне сенімін жояды.

- Ұлыңызға арқа сүйемеңіз. «Менің сүйенішім», «мені бағады», «өмірімнің мәні» секілді сөздеріңіз ұлыңызға өте ауыр жүк жүктеп, белгілі бір уақыттан кейін «мен анама лайық емеспін» деп жеткіліксіздік сезіміне душар болады.

- «Мен сенің бақытың үшін осыншама күш жұмсап жүрген болсам, сен бақытты болуға мәжбүрсің» деген сөздеріңізбен ұлыңызға қысым жасамаңыз.

- Ешқашан ұлыңызбен одақтас болып жұбайыңызды шеттетпеңіз. Ұлыңызды әкесінен алыстату арқылы оны өмірінде үлгі алатын моделінен айыратыныңызды ұмытпаңыз!

- Ұлыңызға қызметші бола көрмеңіз. Әр қалауын орындау арқылы әйелді қызметші ретінде көруіне себепші болмаңыз. Ұлыңызды өз ісін өзі істеуіне бейімдеңіз.

 

**Елжас Ертайұлы**

**«Бақытты отбасы» отбасылық кеңес орталығы**

**Instagram: @[yelzhas_ertaiuly_kenesshi](http://yelzhas_ertaiuly_kenesshi.yvision.kz)**

[https://www.facebook.com/yelzhasyertaiuly](https://www.facebook.com/yelzhasyertaiuly)

[https://www.facebook.com/kenesshiyelzhas](https://www.facebook.com/kenesshiyelzhas)

---

Source: [https://yvision.kz/post/l-t-rbielep-otyr-an-analardy-nazaryna-784129](https://yvision.kz/post/l-t-rbielep-otyr-an-analardy-nazaryna-784129)