---
title: "Кызылорда облысы"
description: "Ұлы Жеңістің 77 жылдық мерекесінде облыс әкімі аймақтағы барлық соғыс ардагеріне барып, Президент ат..."
author: "usergoogle107287446672623222266"
published: "2022-05-13T06:40:30+00:00"
modified: "2022-05-13T12:16:08+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/kyzylorda-oblysy-966636"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/kyzylorda-oblysy-966636/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Кызылорда облысы

> Ұлы Жеңістің 77 жылдық мерекесінде облыс әкімі аймақтағы барлық соғыс ардагеріне барып, Президент ат...

Ұлы Жеңістің 77 жылдық мерекесінде облыс әкімі аймақтағы барлық соғыс ардагеріне барып, Президент атынан құттықтап, құрмет көрсетті.

![Кызылорда облысы](https://storage.yvision.kz/images/user/475144/3b20bc5ec7e6755032fb3efa4641fd.png)

Мерекеде өңір басшысы Нұрлыбек Нәлібаев және қала әкімі Асылбек Шәменов ардагер Любовь Колесникке ілтипат танытты.

Кәмелет жасына толысымен соғысқа аттанып, ерліктің үлгісін көрсеткен ол Беларусь фронтының дала госпиталінде медбике қызметін атқарып, ержүрек батылдығымен көзге түскен.

Аймақ басшысы ардагерге зор денсаулық тілеп, бұл құрмет бір күнмен шектелмейтінін, ауыр күнде ерге бергісіз қызмет еткен майдангердің еңбегі әрдайым дәріптелетінін жеткізді.

- Уақыт алға жылжыған сайын бұл ерліктің шоқтығы биіктеп, қадір-қасиеті артып, тағылым-тәрбиесі мен мән-мағынасы мейілінше тереңдеп, даралана түсуде. Халқымыздың даңқты ұлдары мен қыздарының қан майдан мен тылдағы өшпес ерлігі мен ерен еңбегі ешқашан ұмытылмайды. Деніңізге саулық, ұзақ ғұмыр тілеймін!, - деді Нұрлыбек Нәлібаев.

---

Source: [https://yvision.kz/post/kyzylorda-oblysy-966636](https://yvision.kz/post/kyzylorda-oblysy-966636)