---
title: "КРЕДИТТІК ТАРИХ ТУРАЛЫ АНЫҚТАМА АЛУ МҮМКІНДІГІ"
description: "Кредиттік бюро Казақстанда алғаш рет 2004 жылы пайда болды. Қазақсанның жеті ірі банкінің бастамасым..."
author: "ceka"
published: "2015-01-23T04:23:17+00:00"
modified: "2015-02-04T22:48:18+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/kredittik-tarih-turaly-any-tama-alu-m-mkindigi-462806"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/kredittik-tarih-turaly-any-tama-alu-m-mkindigi-462806/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# КРЕДИТТІК ТАРИХ ТУРАЛЫ АНЫҚТАМА АЛУ МҮМКІНДІГІ

> Кредиттік бюро Казақстанда алғаш рет 2004 жылы пайда болды. Қазақсанның жеті ірі банкінің бастамасым...

Кредиттік бюро Казақстанда алғаш рет 2004 жылы пайда болды. Қазақсанның жеті ірі банкінің бастамасымен «Бірінші кредиттік бюро» ЖШС деген атаумен құрылды. «Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ «ҚР кредиттік бюролары және кредиттік тарихы қалыптастыру туралы» ҚР 2004 жылғы 6 шілдедегі №573-ІІ Заңындағы өзгерістерге сәйкес, «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын реттеу мәселелері бойынша тәуекелдерді азайту бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР 2011 жылғы 28 желтоқсандағы №524-ІV Заңының негізінде, МКБ дауыс беретін акциялардың 100 пайызы тиесілі ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының Қаулысына сәйкес, 2012 жылы 19 қыркүйекте қайта құрылды. Қазіргі уақытта, «Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ негізгі жұмыс көрсеткіші кредиттік тарихы қалыптасу және кредиттік есептер беру жөніндегі қызметті іске қосу шараларын өткізіп жатыр. Сонымен қатар, қосымша қызмет түрлерін қосу жоспарланып отыр, яғни олар мамандандырылған бағдарламалық жасақнаманы іске асыру; консультациялық қызмет көрсету; кредиттік тарих субъектілерінің кредит төлеу қабілетін бағалау; арнаулы әдебетті, өзгеде ақпараттық материалдарды іске асыру; маркетинг және статистикалық зерттеулерді іске асырылады. «Электронды үкімет» веп-порталы арқылы жеке тұлғаларға жеке куәлік арқылы немесе есебін сіз өзіңізге ғана ала алады. Сондай-ақ, бұрын алған кредиттерін сілтеме көрсету арқылы танысуға болады.

**«ХҚКО» РМК-ның Жамбыл облысы бойынша филиалы №2 бөлімі Е.Жаманкеев**

---

Source: [https://yvision.kz/post/kredittik-tarih-turaly-any-tama-alu-m-mkindigi-462806](https://yvision.kz/post/kredittik-tarih-turaly-any-tama-alu-m-mkindigi-462806)