---
title: "КОМПЬЮТЕРСІЗ КҮНІҢ ЖОҚ"
description: "Қазір қызмет орнымызда да, үйде де компьютермен жұмыс істей береміз. Оның өмірімізге, кеңінен енген..."
author: "ERKANAT_NAIMAN"
published: "2016-08-29T07:23:28+00:00"
modified: "2016-08-29T07:23:28+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/kompyutersiz-k-ni-zho-709429"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/kompyutersiz-k-ni-zho-709429/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# КОМПЬЮТЕРСІЗ КҮНІҢ ЖОҚ

> Қазір қызмет орнымызда да, үйде де компьютермен жұмыс істей береміз. Оның өмірімізге, кеңінен енген...

Қазір қызмет орнымызда да, үйде де компьютермен жұмыс істей береміз. Оның өмірімізге, кеңінен енгені соншалықты, бала біткен ойыншықпен емес, компьютермен ойнап, өзінің өміртанымын ғаламтордағы желі ішінде қалыптастырады. Біздің үйдегі тіпті бір жасар қызымыздың ермегі осы компьютер. Қосып беріп, шешесі шаруасын шаруалайды. Пайдасы сол, әйтеуір өзімен-өзі отырып, ермек қылып әрнәрсені шұқып қарап, мультигін де соннан тамашалайды. Шешесі әйтеуір қазақша мультиктер қосып берсе қызымыз алдына қойып алып, үлкен адамша рахат күйге енеді. Сонда ересектерді ғана емес бесіктегі баланы да баурап алған компьютердің не құдіреті бар десеңізші. Жалпы, сұрайындегенім, сіз компьютер алдында күніне қанша сағат отырасыз? Зияны да бар ғой бұл бәленің, пайдасы да аз емес. Дейтұрғанмен, адамның сенімді серігіне айналған компьютерсіз тіпті күн көре алмайтын да сияқтымыз ғой.

---

Source: [https://yvision.kz/post/kompyutersiz-k-ni-zho-709429](https://yvision.kz/post/kompyutersiz-k-ni-zho-709429)