---
title: "КОММУНИСТЕР АҚҚЫСТАУДА БОЛДЫ!"
description: "Кеше Қазақстан халықтықкоммунистік партиясының Атырау облыстық комитетінің белсенділері кезектен тыс..."
author: "satkaev"
published: "2012-01-07T07:59:02+00:00"
modified: "2012-01-07T07:59:02+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/kommunister-a-ystauda-boldy-216577"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/kommunister-a-ystauda-boldy-216577/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# КОММУНИСТЕР АҚҚЫСТАУДА БОЛДЫ!

> Кеше Қазақстан халықтықкоммунистік партиясының Атырау облыстық комитетінің белсенділері кезектен тыс...

Кеше Қазақстан халықтықкоммунистік партиясының Атырау облыстық комитетінің белсенділері кезектен тысМәжіліс сайлауына орай, Исатай ауданына қарасты Аққыстау елдімекенінде болды.Жергілікті комитет хатшысы Жәукен Көшенов бастаған коммунистераққыстаулықтармен жүздесіп, кездесу барысында Исатай аудандық мәслихатдепутаттығына кандидат Сақтапберген Ихсанов жұртшылықты партияның сайлауалдыбағдарламасымен таныстырды.Коммунистермен жүздесуге жүзшақты сайлаушы жиналды. Жүздесу барысында мәслихат мандатына кандидат СақтапбергенИхсановтың сенімді өкілі жұртшылықты үміткердің өмірбаянымен, алға қойғанмақсат міндеттерімен таныстырды. Өз кезегінде Сақтапберген Ихсановсайлаушыларға партияның халықтық сипаттан айнымайтындығын айтты. Ал, жергіліктікомитет хатшысы Жәукен Көшенов болса, тегін білім беру, экономиканың әр саласынұлттандыру, жұмысшы халықтың құқығын қорғау, сапалы медициналық қызметмәселелерінің ұдайы партия назарынан түспейтіндігін айтты. Сайлаушылар болса,коммунистерге арнайы келіп, бағдарламамен таныстырғандары, талап тілектерінтыңдағандары үшін ризашылықтарын білдіріп, неғұрлым халықтық болу үшін департияның бұқарамен жиі осындай диалогқа шығып тұру керектігін айтты. Сондай ақ коммунистер үгітнасихат өнімдерінің аудан бойынша жапсырылу, таратылу жайын да тексерді.

Хамидулла Саткаев

![КОММУНИСТЕР АҚҚЫСТАУДА БОЛДЫ!](https://storage.yvision.kz/images/user/satkaev/m096BKCHS9MgkKEweJa3H0H41hNyUr.jpg)

![КОММУНИСТЕР АҚҚЫСТАУДА БОЛДЫ!](https://storage.yvision.kz/images/user/satkaev/lnBi6ti730DbE2Gm2qpGx5b7y34zPC.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/post/kommunister-a-ystauda-boldy-216577](https://yvision.kz/post/kommunister-a-ystauda-boldy-216577)