---
title: "Кокошник һәм идеология"
description: "1988 жылы Арқалық қаласындағы мектепте оқып жүрген кезім, ол кезде 15 одақтас республикалардың киімі мен дәстүрін көрсетіп, әнін айтып, биін..."
author: "Fvfylsr"
published: "2026-05-22T10:05:46+00:00"
modified: "2026-05-22T10:05:46+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/kokoshnik-ham-ideologiya-1020973"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/kokoshnik-ham-ideologiya-1020973/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Кокошник һәм идеология

> 1988 жылы Арқалық қаласындағы мектепте оқып жүрген кезім, ол кезде 15 одақтас республикалардың киімі мен дәстүрін көрсетіп, әнін айтып, биін...

1988 жылы Арқалық қаласындағы мектепте оқып жүрген кезім, ол кезде 15 одақтас республикалардың киімі мен дәстүрін көрсетіп, әнін айтып, биін билейтінбіз. Қиялдағы "коммунизмге" сеніп жүрген кезіміз. Оның бәрі өтірік, жалған екенін кім білген?Ал, қазір 15 емес, "140 ұлт пен ұлыс" деп даурығатын болғанбыз. 100 пайыз қазақтар тұратын ауылдар мен ұжымдарда Қазақстандағы жұртты қойғанда испан киімін киіп, биін билеп, әнін айтамыз. Бұл қайдан шыққан идеология екенін түсінбедім?Оның бір сорақы көрінісін жақында байқадым. "Хабар" арнасында "өзге этнос өкілдері арасындағы айтыс" деген мағында айтыс өтті. Осы жерден ақ біз "өзге" деп ағайындарды өзекке теуіп тұрған жоқпыз ба деген ой келеді? Айтысқа, жалпы айтысқа Надежда Лушникова сияқты апаларымыз дәрежесі тең, "өзге ұлт" деп бөлінбей қатысушы еді. Ал, енді, мысалы, "піссіміллә" деп тұрған Торғай қызы, қазақтың келініне кокошник кигізіп, ортаға шығару өте ерсі көрінді. Керісінше, жұрттың бәрі, бәз біреулер айта беретін "өзге этнос өкілдерінің" бәрі қазақы нақыштағы, оюлы киімдерін жарқыратып, мақтанышпен киетінін Наурыз мейрамы кезінде бақыладық.Әрине, айтысқа әсте қарсы емеспін, мазмұнын, оның жеткізілуіне байланыст сын-пікір. Оны солай әлем-жәлем қылып, осындай кейіпке енгізген біздің Қостанай облыстық Қоғамдық даму және Мәдениет басқармасындағылар болар. Кокошник кигізіп, дүйім жұртқа шоу жасағанша, 35 жылда бір көшесі қазақшаланбаған, бір де бір Алаш зиялысының ескерткіші жоқ Рудныйға назар салғандары жөн болар еді. Ал, Қостанайда алабажақ шүберектерін ашық сатып жатқандар бар, міне идеология һәм мәдениет керек болса, солармен айналысыңыздар. Әлде "Целинаны сағынып, Кастанай-Таргай" деп ән айтудан қолдары босамай жүр ме екен. Бір кем дүние![#Идеология](https://www.facebook.com/hashtag/%D0%B8%D0%B4%D0%B5%D0%BE%D0%BB%D0%BE%D0%B3%D0%B8%D1%8F?__cft__[0]=AZZslF7QOvpbax9EOR_m1-Uz8fNU--WywzkNEYTJ-4YrV0fQzmcOytBV7NEqrXuxydHJJOTzBAaCfk9vXfbNK4bcJvRqfLOrLEKFTR_Kj9jcF2ZDMkI3fVNQpJYoURrme6YIhJK6t3-vEyydY28CH0JL2KgtEQtZ3UvjYyCJ9ceOx0QEH2EfXqMIRvpgb0aC1t0&__tn__=*NK-R)

ақсап тұр [#Қостанай](https://www.facebook.com/hashtag/%D2%9B%D0%BE%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD%D0%B0%D0%B9?__cft__[0]=AZZslF7QOvpbax9EOR_m1-Uz8fNU--WywzkNEYTJ-4YrV0fQzmcOytBV7NEqrXuxydHJJOTzBAaCfk9vXfbNK4bcJvRqfLOrLEKFTR_Kj9jcF2ZDMkI3fVNQpJYoURrme6YIhJK6t3-vEyydY28CH0JL2KgtEQtZ3UvjYyCJ9ceOx0QEH2EfXqMIRvpgb0aC1t0&__tn__=*NK-R) облысы #[Amandyq Amirkhamzin](https://www.facebook.com/amandiq.amirkhamzin?__cft__[0]=AZZslF7QOvpbax9EOR_m1-Uz8fNU--WywzkNEYTJ-4YrV0fQzmcOytBV7NEqrXuxydHJJOTzBAaCfk9vXfbNK4bcJvRqfLOrLEKFTR_Kj9jcF2ZDMkI3fVNQpJYoURrme6YIhJK6t3-vEyydY28CH0JL2KgtEQtZ3UvjYyCJ9ceOx0QEH2EfXqMIRvpgb0aC1t0&__tn__=-]K-R)

---

Source: [https://yvision.kz/post/kokoshnik-ham-ideologiya-1020973](https://yvision.kz/post/kokoshnik-ham-ideologiya-1020973)