---
title: "Кітапханалық дағдыларды жетілдіреміз"
description: "Семинардың ұйымдастырушылары – Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы мен І. Алтынсарин атындағы облыстық ?..."
author: "altynsaryn_obzhk_qst"
published: "2025-09-29T04:53:37+00:00"
modified: "2025-09-29T04:53:37+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/kitaphanalyk-dagdylardy-zhetildiremiz-1017509"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/kitaphanalyk-dagdylardy-zhetildiremiz-1017509/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Кітапханалық дағдыларды жетілдіреміз

> Семинардың ұйымдастырушылары – Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы мен І. Алтынсарин атындағы облыстық ?...

Семинардың ұйымдастырушылары – Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы мен І. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы болды.Семинардың мақсаты – кітапханашылардың ББК-ны қолдану саласындағы кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру. Онда «ББК: қиындықтар, ерекшеліктер, шешімдер», «ББК және кітапханалардағы каталогтау», «Классификация – негізгі емес, тек қана қорды орналастыруға арналған көмекші құрал» және басқа да маңызды тақырыптар қарастырылды.

---

Source: [https://yvision.kz/post/kitaphanalyk-dagdylardy-zhetildiremiz-1017509](https://yvision.kz/post/kitaphanalyk-dagdylardy-zhetildiremiz-1017509)