---
title: "Кино өнері"
description: "Қазақстандық киноиндустрия еліміздің мәдениетін, тарихы мен әлеуметтік аспектілерін көрсете алатын мұраларымыздың бірі. Қазақ киносы дамуының алғашқы сатысынан ақ біз танымдық, қайталанбас болмысын қалыптастыру жолын, сондай-ақ жоғары сапалы және..."
author: "userlyatta02042004"
published: "2024-04-18T03:28:59+00:00"
modified: "2024-04-18T03:29:58+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/kino-neri-1003603"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/kino-neri-1003603/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Кино өнері

> Қазақстандық киноиндустрия еліміздің мәдениетін, тарихы мен әлеуметтік аспектілерін көрсете алатын мұраларымыздың бірі. Қазақ киносы дамуының алғашқы сатысынан ақ біз танымдық, қайталанбас болмысын қалыптастыру жолын, сондай-ақ жоғары сапалы және...

Қазақстандық киноиндустрия еліміздің мәдениетін, тарихы мен әлеуметтік аспектілерін көрсете алатын мұраларымыздың бірі. Қазақ киносы дамуының алғашқы сатысынан ақ біз танымдық, қайталанбас болмысын қалыптастыру жолын, сондай-ақ жоғары сапалы және шабыттандыратын өнер туындыларын жасауға ұмтылысты аңғара аламыз. Бұл нәтиженің артында тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы 1991 жылы Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін қазақ кино саласына тәжірибе мен ресурстардың жетіспеушілігіне байланысты туындаған проблемалар мен қиындықтар әсері де бар. Алғашында шет елдік стильдерге еліктеу байқалса да соңында өзіндік стиьлдік қалыптасу революциясының жарқын нәтижесін көре аламыз. Оған дәлел соңғы бірнеше жылда қазақ киносының әлемдік деңгейде өз орнын қалай тапқанын байқау.

Қазақ киносының басты артықшылықтарының бірі – үздіксіз өзгеріс. Үздіксіз өзгерісте жүретін болғандықтан қазақ киносы кез келген тақырыпта фильм түсіре алады. Жеке студиялар ашылып, уақытқа жұмыс жасай басталды. Көптеген туындылар қысқа уақыт аралығында әрі сапалы форматта жарыққа шығып, қалың көпшіліктің қошеметіне ие болуда. Қазіргі таңда Қазақстандағы танымал фильмдердің көпшілігі жеке студияларда түсіріле бастады. Бұл кино саласына қызығушы қауымның артып келе жатқанының бірден бір дәлелі.

Бүгінде қазақ кино өнері өсіп келе жатқан кәсіби шеберліктің және техникалық жаңашылдықтың арқасында дамудың жаңа сатысында тұр. Қазақстандық режиссерлер мен актерлар өз туындыларын халықаралық кинофестивальдерде белсенді түрде ұсынып, дүние жүзіндегі көрермендер мен сыншылар тарапынан мойындалып, жоғары бағаға ие болуда.

Осылайша, қазақстандық киноиндустрия еліміздің бай мәдени мұрасын көрсететін, өзекті әлеуметтік мәселелерді айғақтап, дүние жүзіндегі көрермендерді шабыттандыратын қызықты сапарын жалғастыруда. Жалпы бұл өнер түрі қазіргі таңда әлемдік деңгейде қарастырылып, шығармашыл қыры даму нәтижесінде жаңа мүмкіндіктерге ие болуда.

Авторы: Жаукенова Лятта Жарасқызы. ҚазҰУ журналистика факультетінің 3-курс студенті.

Жетекшісі: Н.Б. Рушанова, аға оқытушы.

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/579310/9f2118a2fff1f7bacfded45ee21386.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/post/kino-neri-1003603](https://yvision.kz/post/kino-neri-1003603)