---
title: "КИІК - ХАЛЫҚ ИГІЛГІ"
description: "Шара «Табиғи орта» Батыс Қазақстан үкіметтік емес ұйымдары өңірлік ассоциациясының ұйымдастыруымен ө..."
author: "News-Aktau"
published: "2022-10-07T11:37:23+00:00"
modified: "2022-10-07T17:18:12+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/kiik-haly-igilgi-975772"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/kiik-haly-igilgi-975772/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# КИІК - ХАЛЫҚ ИГІЛГІ

> Шара «Табиғи орта» Батыс Қазақстан үкіметтік емес ұйымдары өңірлік ассоциациясының ұйымдастыруымен ө...

Шара «Табиғи орта» Батыс Қазақстан үкіметтік емес ұйымдары өңірлік ассоциациясының ұйымдастыруымен өткізілген болатын. Маңызды тақырыптағы басқосу өткізуді Байғанин ауданы Дияр ауылындағы «Дала табиғаты» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Айбек Оразғалиев ұсынған еді.

![КИІК - ХАЛЫҚ ИГІЛГІ](https://storage.yvision.kz/images/user/430096/92d05d99a3c8c178583a056474f50d.png)

Оның айтуынша, 2015 жылғы санақ нәтижесі бойынша киіктің Үстірт популяциясы 1270 бас қана болып, жойылып кету қаупі төніп тұрған еді. Дегенмен, мемлекеттік табиғатты қорғау құрылымдары мен жергілікті халықтың қорғау жұмыстарының арқасында киіктің саны жылдан жылға өсіп, биылғы санақ бойынша 28 мыңға жетті.

![КИІК - ХАЛЫҚ ИГІЛГІ](https://storage.yvision.kz/images/user/430096/b970a3cdad75ddc2859df1f40904ad.jpg)

«Осы орайда, біздер жергілікті тұрғындар ретінде киіктің сақталуына атсалыса отырып, экологиялық туризмі мен экобілім берудің дамуына үлес қоса аламыз. Яғни, табиғатты қорғап жүріп, жұмыссыздықтың жойылуына және өскелен ұрпақта экологиялық мәдениет қалыптастыруға мүмкіндік туғыза аламыз», - деді табиғат жанашыры.

![КИІК - ХАЛЫҚ ИГІЛГІ](https://storage.yvision.kz/images/user/430096/439c9abd6df3e8a2ee42a9cfe9e525.jpg)

Іс-шараға қатысқан аудан әкімдігінің, облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының, аудандық білім бөлімінің, аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің өкілдері мен Дияр және Оймауыт ауылдарының әкімдері күн тәртібіндегі тақырып бойынша пікір алмасып, дөңгелек үстел ұйымдастырушыларының ұсыныстарын қолдады.

![КИІК - ХАЛЫҚ ИГІЛГІ](https://storage.yvision.kz/images/user/430096/8a171f6509a22b7a49e66888536009.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/post/kiik-haly-igilgi-975772](https://yvision.kz/post/kiik-haly-igilgi-975772)