---
title: "Кет-ей, гугл"
description: "Мен басқа нәрсе сұрасам, басқа нәрсе айтып қуып отыр. Мен одан шын байлық сұрадым. Ел қатарлы өмір ..."
author: "Beibit_Sarybai"
published: "2018-02-06T18:06:07+00:00"
modified: "2018-02-06T18:06:07+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/ket-ey-gugl-795598"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/ket-ey-gugl-795598/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Кет-ей, гугл

> Мен басқа нәрсе сұрасам, басқа нәрсе айтып қуып отыр. Мен одан шын байлық сұрадым. Ел қатарлы өмір ...

Мен басқа нәрсе сұрасам, басқа нәрсе айтып қуып отыр. Мен одан шын байлық сұрадым. Ел қатарлы өмір сүрейін деп. Ол маған философия айтып, ақпарат беріп қарап тұр.

- Окей, гугл, бақыт керек бір керім. - «Бақыт деген бірде шаттық, бірде мұң».

- Окей, гугл, бітпес байлық іздеп ем.

- Төле бабаң «еритұғын мұз» деген.

- Окей, гугл, достық деген немене? - «Достық плаза». Тездеп жеткің келе ме?

- Окей, гугл, мен адалмын Отанға. - "Нұр Отанға" мүше болсын ботаң да.

- Окей, гугл, қандай біздің болашақ? - «Болашақ» ол білімдіге жол ашад.

- Окей, гугл, тойдыра ма қанағат?

- Вы хотели мм написать «Қағанат».

- Окей, гугл, ...қайтарамын тамызда.

- Қазір ақша табу қиын қарызға.

- Кет-ей, гугл, беретұғын түгің жоқ.

- Ей, менің де ерігетін жыным жоқ.

---

Source: [https://yvision.kz/post/ket-ey-gugl-795598](https://yvision.kz/post/ket-ey-gugl-795598)