---
title: "КЕШЕНДІ ТЕСТІЛЕУ ЕРЕЖЕСІ"
description: "Ұлттық тестілеу орталығының жоғары оқу орындарына жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім бе..."
author: "MON_RK"
published: "2017-07-17T05:59:22+00:00"
modified: "2017-07-17T05:59:22+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/keshendi-testileu-erezhesi-773224"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/keshendi-testileu-erezhesi-773224/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# КЕШЕНДІ ТЕСТІЛЕУ ЕРЕЖЕСІ

> Ұлттық тестілеу орталығының жоғары оқу орындарына жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім бе...

Ұлттық тестілеу орталығының жоғары оқу орындарына жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша түсушілерге арналған жадынамасыЖАУАП ПАРАҒЫН ТОЛТЫРУ ЕРЕЖЕСІ

Жауап парағы көк немесе қара түсті қаламмен толтырылады. Түзетуге, жауап парағын бүлдіруге, құртуға немесе тестілеу аяқталғанға дейін оны аудиториядан шығаруға қатаң тыйым салынады.

1-СЕКТОР. Түсушінің тегі, аты, әкесінің аты. 2-СЕКТОР. Торкөздерге тестіленушінің рұқсаттамада көрсетілген жеке коды толтырылады. Торкөздегі сандарға сәйкес әр санның астындағы дөңгелекшелер боялады. 3-СЕКТОР. Аудиториядағы орныңыз көрсетілген дөңгелекше боялады. 4-СЕКТОР. Кітапшасының нұсқасы боялады. 5- шығармашылық емтихан тапсыратын болсаңыз толтырылады. 6-СЕКТОР. Лек нөмірі (рұқсаттамада көрсетілген емтихан болатын күн бойынша анықталады) және тест өтетін аудитория. 7-СЕКТОР. Жалпы бейіндік пән бойынша тапсырмалардың жауаптары. Әр сұрақтан бес жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты таңдау (Тиісті дөңгелекшені бояу керек). 8-СЕКТОР. Бейіндік пән бойынша тапсырмалардың жауаптары боялады. 1-ден 20-ға дейінгі тапсырмаларда берілген бес жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты таңдау; 21-ден 30-ға дейінгі тапсырмаларда бір немесе бірнеше дұрыс жауапты (6-дан артық емес) таңдау; 31-ден 40-қа дейін – бір дұрыс жауапты көрсететін ситуациялық тапсырма. 9-СЕКТОР. Жауап парақшасының нөмірі көрсетіледі, боялмайды. 10-СЕКТОР. Қолыңызды қойыңыз.

«Назар аударыңыз» бөліміне ерекше тоқталу шарт: Жауап парағы – тест қорытындысын растайтын жалғыз құжат. Ол жалғыз дана және ауыстырылмайды.

Есте сақтаңыз: жауап парағын белгілеу кезінде жіберілген қателіктердің жауапкершілігі талапкердің мойнында!

ТАПСЫРМАЛАР КІТАПШАСЫМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ЕРЕЖЕСІ

Кітапша жауап парағының қызметтік секторы толтырылғаннан кейін ғана беріледі. Кітапшалар таратылып болған соң, беттері түгел екеніне көз жеткізу керек. Егер бір парағы кем болса немесе басқа ақау табылған жағдайда (мысалы, баспаханадан кеткен ақау) дереу Білім және ғылым министрлігінің өкіліне хабарлау керек;Кітапшадағы нұсқа нөмірін жауап парағына (4-сектор) көшіріп жазыңыз, кітапшаның мұқабасын толтырыңыз. Нұсқаның төртінші саны кітапша парағының мұқабасындағы матрицаның көмегімен анықталады және оны министрлік өкілі тестілеу аяқталуға 20 минут қалғанда хабарлайды.

Жауап парағының қызметтік секторлары мен кітапшаның мұқабасы толық толтырылғаннан кейін тақтаға тестілеудің басталу және аяқталу уақыты жазылады. Тестілеу аяқталар кезде аудиторияда кемінде 5 талапкер қалуы тиіс.

АУДИТОРИЯДАҒЫ ТӘРТІПКЕ ҚАТЫСТЫ ЕРЕЖЕ

Тестілеу кезінде: - аудиториядан рұқсатсыз және уәкілетті тұлғаның алып жүруінсіз шығуға; - орын ауыстыруға; сөйлесуге; - емтихан материалдарымен алмасуға, оларды аудиториядан шығаруға, көшіруге; - шпаргалкалар, оқулықтар және басқа да әдістемелік әдебиеттерді, сондай-ақ тест мазмұнын және олардың дұрыс жауаптар кодын ашатын мәліметтерді пайдалануға; - калькулятор, фотоаппарат, ұялы телефон және басқа да байланыс құралдары (пейджер, ұялы телефондар, смартфондар, планшеттер, ноутбуктер, плейерлер, модемдер (соның ішінде мобильді роутерлер) пайдалануға; - радио-электрондық байланыстың (Wi-Fi, Bluetooth, Dect, 3G, 4G, сымды және сымсыз құлаққаптар және басқалары) кез келген түрін пайдалануға; - емтихан материалдарын бүлдіруге (жауап парағы мен кітапшаны) тыйым салынады. ыйым салынған заттар табылған жағдайда талапкер аудиториядан шығарылады. Тестілеу нәтижесі жойылады.

Естеріңізде болсын: тестілеу уақыты аяқталғанға дейін емтихан материалдары тапсырылуы тиіс. Олай болмаған жағдайда нәтижеңіз өңделмейді.

Тестілеуді сәтті тапсыруыңызға тілектеспіз!

---

Source: [https://yvision.kz/post/keshendi-testileu-erezhesi-773224](https://yvision.kz/post/keshendi-testileu-erezhesi-773224)