---
title: "«Келинка Сабина»"
description: "Кеше \"Келинка Сабина\" Отандық фильмімізге бардық. Алған әсерім мол. Фильм адамды күлдіре отырып, ішд..."
author: "saniya1990"
published: "2014-12-03T04:25:18+00:00"
modified: "2014-12-03T04:25:18+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/kelinka-sabina-444940"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/kelinka-sabina-444940/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Келинка Сабина»

> Кеше "Келинка Сабина" Отандық фильмімізге бардық. Алған әсерім мол. Фильм адамды күлдіре отырып, ішд...

Кеше "Келинка Сабина" Отандық фильмімізге бардық. Алған әсерім мол. Фильм адамды күлдіре отырып, ішдей жылатады. Қазіргі таңда екінің бірі орысша судыратып, өз туған тілінде сөйлеуді ұят көріп, намыстанатын жастарымыз да баршылық. Ғабит Мүсірепов атамыз былай деген екен: "Ана тілін білмеушілер өздерін білімсізбін деп санамайды-ау деймін.Сондықтан өздерін асырып отырған ана тілін қалай болса солай қорлай беруге ұялмайды". Ия, "қалың елім қазағым, туған тілім" деп аңсап, жырлап өткен Абайдай, Мағжандай, Ыбырайдай ата-бабаларымыз қазіргі заманның жастарын таныса, біздің төккен қанымыз, жырлаған жырларымыз бекерге болды-ау депті түңілуші еді. Қазіргі өзіңіз де ойланыңызшы, қай жерге барсақ та біреуге қазақша сөйлей бастасаң, орысша жауап береді. Тіптен өзің де ұялып қаласың. Бұл не сұмдық?! Жақсы жұмысқа тұру үшін бірінші орында орыс тілін жетік білуің керек. Ал қазақ тілін тілін білу міндетті емес. Ия, келісемін,"жеті жұрттың тілін біл" деген Абай атам, бірақ оның жалғасы бар "өз тіліңді құрметте". Өз Отанымызда тұрып, қалайша, біз өз тілімізде сөйлеуге ұяламыз??? Тіптен, сырттан бақыласақ, күлкілі болып көрінеді. Осы фильмдегі ең басты қозғалған тақырып "Туған тіл" болғаны қуантты. Сонымен қатар, фильм ауыл өмірі мен қала өмірін де толықтай көрсетті. "Сабинадай" қыз-келіншектер жоқ емес, бар қазіргі уақытта. Мен өзім келінмін. Алайда қаланың келінің болған соң, Сабинаның орнында болған жоқпын. Бірақ терең ойланып қалдым. Шынымен ақ, біздің өміріміз жұмақ қой, шіркін. Барлығы дайын, ыңғайлы, тек бармағыңды шұқырайтып, бассаңыз болды, бәрін техника өзі істейді. Өкінішке орай, біз оған дағдыланып кеткеніміз соншалық, шеттерімізден "жалқауланып" кеттік. Егер, шынымды айтайын, мені де сондай ауылға апарып тастаса, мен де "Сабинадай" қашып кетуге талпынушы ем))...БІРАҚ!!!Фильмде көрсетілгендей, ауыл бізді көп нәрсеге үйретеді. Біздің қазақи салт-дәстүрімізге,тілімізге, ділімізге шақырады. Бұрынғы ата-бабаларымыздың күнделікті тұрмысы өте қызық әрі тәрбиесі мол әдеп-ғұрыптарға бай. Егер сіз патриоттық сезіміңіз оянғанын сезіп қалған кезіңіз болса, дәл "Сабинадай" алыс ауылға барыңыз. Біраз уақытта өзіңізді "қазақ" екеніңізді сезіп, өз ТІЛІҢІЗДІ, дін, діліңізді сыйлайтындай қалыпқа жетесіз!!!

---

Source: [https://yvision.kz/post/kelinka-sabina-444940](https://yvision.kz/post/kelinka-sabina-444940)