---
title: "КЕДЕЙЛІККЕ АЛЫП КЕЛЕТІН ӘДЕТТЕР #2"
description: "4. Жұмыс жемісін тек ақшамен өлшеу Қолына ақша түссе ғана қабағы ашылып, бақыт құшағында жүретін ада..."
author: "klara_yermagambetova"
published: "2017-01-19T22:57:26+00:00"
modified: "2017-01-19T22:57:26+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/kedeylikke-alyp-keletin-detter-2-750032"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/kedeylikke-alyp-keletin-detter-2-750032/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# КЕДЕЙЛІККЕ АЛЫП КЕЛЕТІН ӘДЕТТЕР #2

> 4. Жұмыс жемісін тек ақшамен өлшеу Қолына ақша түссе ғана қабағы ашылып, бақыт құшағында жүретін ада...

![КЕДЕЙЛІККЕ АЛЫП КЕЛЕТІН ӘДЕТТЕР #2](https://storage.yvision.kz/images/user/klara_yermagambetova/6qq88kR2NbGt9nuryF4Va6FudV0UG4.jpg)

4. Жұмыс жемісін тек ақшамен өлшеу

Қолына ақша түссе ғана қабағы ашылып, бақыт құшағында жүретін адамдар — нағыз кедейлер. Табысты адам өз бақытын басқа құндылықтармен өлшейді. Кім қандай құндылықты таңдайды — әркімнің өз еркі.

5. Ақшаны босқа шашу

Банкке кредит алуға барсаңыз, күлімдеп тұрған банк қызметкерлері Сізді қарызға батыру үшін барлық мүмкіндікті оп-оңай жасап бере алады. Бірақ табысты адам кәсібін кеңейту мен мақсатсыз шығын арасын ажырата алады.

6. Әп-сәтте пайда көру

Әп-сәтте бірден молынан пайда көріп қалу — тек қана кедейлерге тән қасиет. Кедей болатын адам алпауыт компанияларға жұмысқа орналасқан кезде, бірнеше жылдан кейін қол жеткізетін мүмкіндіктерінен гөрі бір айдан кейін алатын айлығы туралы көбірек ойланады.

---

Source: [https://yvision.kz/post/kedeylikke-alyp-keletin-detter-2-750032](https://yvision.kz/post/kedeylikke-alyp-keletin-detter-2-750032)