---
title: "\"Казцинк\" ЖШС-на ШҚО-дағы Үлбі өзенін ластағаны үшін айыппұл салынды"
description: "Ағымдағы жылдың қаңтар айында Шығыс Қазақстан облысындағы Үлбі өзенінің ластану фактісі бойынша \"Казцинк\" ЖШС Риддер тау-кен байыту кешеніне қатысты жоспардан тыс те"
author: "jan.123"
published: "2024-02-19T05:20:20+00:00"
modified: "2024-02-19T05:20:20+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/kazcink-zhshs-na-sh-o-da-y-lbi-zenin-lasta-any-shin-ayypp-l-salyndy-1001304"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/kazcink-zhshs-na-sh-o-da-y-lbi-zenin-lasta-any-shin-ayypp-l-salyndy-1001304/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# "Казцинк" ЖШС-на ШҚО-дағы Үлбі өзенін ластағаны үшін айыппұл салынды

> Ағымдағы жылдың қаңтар айында Шығыс Қазақстан облысындағы Үлбі өзенінің ластану фактісі бойынша "Казцинк" ЖШС Риддер тау-кен байыту кешеніне қатысты жоспардан тыс те

*Ағымдағы жылдың қаңтар айында Шығыс Қазақстан облысындағы Үлбі өзенінің ластану фактісі бойынша "Казцинк" ЖШС Риддер тау-кен байыту кешеніне қатысты жоспардан тыс тексеру аяқталды. Бұл туралы еліміздің Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті хабарлады.*

!["Казцинк" ЖШС-на ШҚО-дағы Үлбі өзенін ластағаны үшін айыппұл салынды](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/5f964cba0f149e7a88b9b4da404c2f.jpg)

Жоспардан тыс тексеру жүргізу барысында экология департаментінің мамандары іріктеп алған сарқынды сулардың сынамалары марганец бойынша 4,5 есе артық екенін көрсетті.

Сондай-ақ, тазарту құрылыстарын тиісінше пайдаланбау нәтижесінде Үлбі өзеніне көптеген ағындар орын алатыны анықталды.

Жоспардан тыс тексеру қорытындысы бойынша "Казцинк" ЖШС-не 50 млн.теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды, сондай-ақ бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.

---

Source: [https://yvision.kz/post/kazcink-zhshs-na-sh-o-da-y-lbi-zenin-lasta-any-shin-ayypp-l-salyndy-1001304](https://yvision.kz/post/kazcink-zhshs-na-sh-o-da-y-lbi-zenin-lasta-any-shin-ayypp-l-salyndy-1001304)