---
title: "Қазалы қаласы туралы"
description: "Қазалы қаласы туралы оқып отырып, таң қалып қалдым. Біріншіден, 19 ғасырдың өзінде халқының саны 6 мың болыпты, екіншіден, кәдімгідей сол за..."
author: "Fvfylsr"
published: "2026-02-27T15:00:02+00:00"
modified: "2026-02-27T15:00:02+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/kazaly-kalasy-turaly-1020171"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/kazaly-kalasy-turaly-1020171/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазалы қаласы туралы

> Қазалы қаласы туралы оқып отырып, таң қалып қалдым. Біріншіден, 19 ғасырдың өзінде халқының саны 6 мың болыпты, екіншіден, кәдімгідей сол за...

Қазалы қаласы туралы оқып отырып, таң қалып қалдым. Біріншіден, 19 ғасырдың өзінде халқының саны 6 мың болыпты, екіншіден, кәдімгідей сол заманнан қалыптасқан сәулет ескерткіштері бар кешенді шаһар екен. Мысалы, Ғанибайдың үйі (19 ғасыр ғимараты), Ғ..Мұратбаев музейі орналасқан ғимарат (19 ғасыр соңы - 20 ғасыр басы), қалалық кітапхана ғимараты (Ғанибайдың мешіті, 19 ғасыр), Ноғайдың мешіті (Нұралы мешіті, 19 ғасыр ғимараты), Р.Бағланова атындағы Мәдениет үйі (бұрынғы шіркеу, 1904 жыл). Бұрын кеме де жүрген екен. Және Қазалыдан 17 шақырым жерде (V—XV ғасыр) атақты Жанкент орналасқан. Жалпы, локациялары жақсы екен. Әдемі туристік кешен болуға сұранып тұр. Тек, Қызылордадан алыстау екен. Кауфман жазбаларында Қазала деп жазылыпты. Айтқандай, облыстық туризм бөлімі шақырсаңыздар, барып, зерттеп, насихаттап қайтуға болады. Суретте: 19 ғасыр бекінісі[#Қазалы](https://www.facebook.com/hashtag/%D2%9B%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D0%BB%D1%8B?__eep__=6&__cft__[0]=AZYMSCuDTht6PnOIXvpPbtzSXp4N1mgWUqC7vnbvv_-y64mUO3HAKG1404WLqRXJ9x09p6rcOt0_N4k_7rWM-C8RXCkj10q0socwG_ro-13qYkQavhmR7ItZCaXF25AHheoHWtzu6zLPhpc23GISUCYIUYifZ64gbVvISIpPpN6vClJPOzW4Kax3sOiLEgasrbE&__tn__=*NK*F) [#Туристік](https://www.facebook.com/hashtag/%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B8%D1%81%D1%82%D1%96%D0%BA?__eep__=6&__cft__[0]=AZYMSCuDTht6PnOIXvpPbtzSXp4N1mgWUqC7vnbvv_-y64mUO3HAKG1404WLqRXJ9x09p6rcOt0_N4k_7rWM-C8RXCkj10q0socwG_ro-13qYkQavhmR7ItZCaXF25AHheoHWtzu6zLPhpc23GISUCYIUYifZ64gbVvISIpPpN6vClJPOzW4Kax3sOiLEgasrbE&__tn__=*NK*F) нысан [#Amandyq](https://www.facebook.com/hashtag/amandyq?__eep__=6&__cft__[0]=AZYMSCuDTht6PnOIXvpPbtzSXp4N1mgWUqC7vnbvv_-y64mUO3HAKG1404WLqRXJ9x09p6rcOt0_N4k_7rWM-C8RXCkj10q0socwG_ro-13qYkQavhmR7ItZCaXF25AHheoHWtzu6zLPhpc23GISUCYIUYifZ64gbVvISIpPpN6vClJPOzW4Kax3sOiLEgasrbE&__tn__=*NK*F) Amirkhamzn

---

Source: [https://yvision.kz/post/kazaly-kalasy-turaly-1020171](https://yvision.kz/post/kazaly-kalasy-turaly-1020171)