---
title: "Президенттер мен премьер-министрлердің Қазақстанға сапары: неліктен маңызды?"
description: "28 мамырдан 31 мамырға дейін Қазақстанда Руанда, Хорватия, Италия және басқа да елдердің жоғары лауазымды тұлғаларының сапары жоспарланды."
author: "akorda"
published: "2025-05-27T10:34:41+00:00"
modified: "2025-05-27T10:34:41+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/kazakstanda-mausym-ayynyn-basyndagy-zhosparlangan-zhogary-dengeydegi-diplomatiyalyk-kezdesuler-1014329"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/kazakstanda-mausym-ayynyn-basyndagy-zhosparlangan-zhogary-dengeydegi-diplomatiyalyk-kezdesuler-1014329/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Президенттер мен премьер-министрлердің Қазақстанға сапары: неліктен маңызды?

> 28 мамырдан 31 мамырға дейін Қазақстанда Руанда, Хорватия, Италия және басқа да елдердің жоғары лауазымды тұлғаларының сапары жоспарланды.

28-29 мамыр күндері Қазақстанға Руанда Президенті **Поль Кагаме** ресми сапармен келеді. Сапар аясында екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективасы талқыланып, бірқатар құжатқа қол қойылады.

28 мамырда Германия Федеративтік Республикасы Бундесратының Төрағасы **Анке Релингермен** кездесу өтеді.

28-29 мамыр күндері Солтүстік Македония Президенті **Гордана Силяновская-Давкова** жұмыс сапарымен келеді.

28-29 мамырда Астанаға Хорватия Премьер-министрі **Андрей Пленкович** жұмыс сапарымен келеді.

29 мамыр күні Президент **Қасым-Жомарт Тоқаев** Астана халықаралық форумына (AIF) қатысады және ресми делегация жетекшілерімен, сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен компаниялар басшыларымен бірқатар кездесу өткізеді.

30 мамырда елімізге Италия Премьер-министрі **Джорджа Мелони** ресми сапармен келеді. Сол күні аймақтағы мемлекеттер басшыларының қатысуымен бірінші «Орталық Азия – Италия» саммиті өтеді.

31 мамырда Президент Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған іс-шараға қатысады.

---

Source: [https://yvision.kz/post/kazakstanda-mausym-ayynyn-basyndagy-zhosparlangan-zhogary-dengeydegi-diplomatiyalyk-kezdesuler-1014329](https://yvision.kz/post/kazakstanda-mausym-ayynyn-basyndagy-zhosparlangan-zhogary-dengeydegi-diplomatiyalyk-kezdesuler-1014329)