---
title: "Қазақстан тағы да биіктен көрінді: IZI Елена Рыбакинаны US Open-дегі жеңісімен құттықтайды"
description: "фото теннисшінің @lenarybakina ресми парақшасынан алындыЕлена Рыбакина кезекті мәрте бүкіл Қазақстанның назарын өзіне аударып, спорттық жолы?..."
author: "YvisionUser"
published: "2026-09-15T05:28:14+00:00"
modified: "2026-09-15T05:28:14+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/kazakstan-tagy-da-biikten-korindi-izi-elena-rybakinany-us-open-degi-zhenisimen-kuttyktaydy-1021991"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/kazakstan-tagy-da-biikten-korindi-izi-elena-rybakinany-us-open-degi-zhenisimen-kuttyktaydy-1021991/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстан тағы да биіктен көрінді: IZI Елена Рыбакинаны US Open-дегі жеңісімен құттықтайды

> фото теннисшінің @lenarybakina ресми парақшасынан алындыЕлена Рыбакина кезекті мәрте бүкіл Қазақстанның назарын өзіне аударып, спорттық жолы?...

![Қазақстан тағы да биіктен көрінді: IZI Елена Рыбакинаны US Open-дегі жеңісімен құттықтайды](https://storage.yvision.kz/images/user/582980/683efdbc9f0482cd1a2fd9f6e7d16300.png?width=1232&height=768)

*фото теннисшінің *[@lenarybakina](https://www.instagram.com/lenarybakina?stkn=MTRxeHc1emM4M3p4Mw==) *ресми парақшасынан алынды*Елена Рыбакина кезекті мәрте бүкіл Қазақстанның назарын өзіне аударып, спорттық жолында тұңғыш рет Теннис бойынша АҚШ ашық чемпионатының жеңімпазы атанды. Турнирдің шешуші кездесуінде қазақстандық спортшы Арина Соболенкодан 6:4, 5:7, 6:2 есебімен басым түсті.US Open додасындағы бұл жеңіс Рыбакина үшін Wimbledon-2022 және Australian Open-2026 турнирлерінен кейінгі «Үлкен дулыға» сериясының үшінші жүлдесі болып табылады.Бұл жеңістің мән-маңызы айрықша. Дода нәтижесі бойынша Елена WTA рейтингінде бірінші орынға шығып, әлемдік көшбасшылар қатарына көтерілген Қазақстан тарихындағы алғашқы теннисші атанды.Спортшының бұл тарихи жетістігін Қазақстанда теннис саласының дамуын белсенді қолдап келе жатқан IZI цифрлық операторы және Елена Рыбакинаның серіктесі атап өтті.«Елена Рыбакинаның US Open турниріндегі жеңісі мен әлемдік рейтингте көш бастауы – қазақстандық спорт үшін шын мәніндегі тарихи оқиға. IZI үшін елімізде теннистің дамуына үлес қосу және Еленаны әр қадамында қолдау – үлкен мақтаныш. Оның бұл биіктері жас теннисшілерге дем беріп, еліміздің спортына жаңа мүмкіндіктер ашатынына қуаныштымыз. Жеңіс құтты болсын!», – деп атап өтті IZI даму жөніндегі директоры Максим Панов.IZI мен Елена Рыбакинаның серіктестігі осы маусымның басында басталған еді. Мобильді оператор теннисшінің жарнамалық демеушілерінің бірі ретінде оны Australian Open мен US Open сияқты ірі турнирлерде қолдап келеді.IZI өз аудиториясын чемпионмен жақынырақ таныстырып келеді. Елена IZI үшін эксклюзивті сұхбат берді, оны оператордың [қосымшасынан](https://izi.me/app/kz/video/share?share_type=item&content_type=VIDEO&item_id=a0ac8e5d-56ca-48fe-a772-3931867eda0d) көре аласыздар.Сондай-ақ жақында IZI пайдаланушылары Еленаның қолтаңбасы бар эксклюзивті сыйлықтар ұтысына қатыса алады. Толығырақ [@izi_app](https://www.instagram.com/izi_app?stkn=dTdxdzc1eDdyaXYz) ресми парақшасында жарияланады.

---

Source: [https://yvision.kz/post/kazakstan-tagy-da-biikten-korindi-izi-elena-rybakinany-us-open-degi-zhenisimen-kuttyktaydy-1021991](https://yvision.kz/post/kazakstan-tagy-da-biikten-korindi-izi-elena-rybakinany-us-open-degi-zhenisimen-kuttyktaydy-1021991)