---
title: "\"Қазақ халқының тарихы\": AmalBooks баспасы қазақ оқырмандарын қуантты"
description: "Күні кеше Алаш зиялысы Мұхаметжан Тынышбайұлының 1925 жылы жарық көрген еңбегі жазылғанына бір ғасыр өткен соң бірінші рет қазақ тілінде ж..."
author: "Burkhanova"
published: "2024-12-23T06:12:02+00:00"
modified: "2024-12-23T06:12:02+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/kazak-halkynyn-tarihy-amalbooks-baspasy-kazak-okyrmandaryn-kuantty-1011310"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/kazak-halkynyn-tarihy-amalbooks-baspasy-kazak-okyrmandaryn-kuantty-1011310/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# "Қазақ халқының тарихы": AmalBooks баспасы қазақ оқырмандарын қуантты

> Күні кеше Алаш зиялысы Мұхаметжан Тынышбайұлының 1925 жылы жарық көрген еңбегі жазылғанына бір ғасыр өткен соң бірінші рет қазақ тілінде ж...

Күні кеше Алаш зиялысы Мұхаметжан Тынышбайұлының 1925 жылы жарық көрген еңбегі жазылғанына бір ғасыр өткен соң бірінші рет қазақ тілінде жарық көрді.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/a73124d70c7fd3345ab81bf7fb55cab9.webp?width=1800&height=1008)

AmalBooks баспасы осыдан бір жыл бұрын "Материалы к истории киргиз-казахского народа" атты кітабын басып шығарған болатын. Енді, міне биыл "Қазақ халқының тарихы" деген атаумен қазақ оқырмандарын қуантып отыр. Жобаға "Choco" холдингі қолдау көрсетіпті.

## Күні кеше Алматыда аталған кітаптың тұсаукесері өтті. Оған Мұхаметжан Тынышбайұлының жиен немересі, «М.Тынышбайұлы атындағы қордың» төрайымы Нұршакен Жүнісова, сондай-ақ тарихшылар мен ғалымдар, блогерлер және БАҚ өкілдері қатысты. Ұйымдастырушылар әрбір қатысушыға су жаңа кітапты тарту етті.

Кітапта ” қазақтардың шығу тарихын жан-жақты әрі көркем әңгімелей келе,

қазақ халқы деген ұғымды құрайтын түп-тамыр мен тармақтарды, яғни қазақтың

ру-тайпаларын егжей-тегжейлі сипатталады. Маған ұнағаны қазақ шежіресі қосымша кесте түрінде беріліпті.

**Кітапты қазақ тіліне аударған AmalBooks баспасының негізін қалаушы Бақытжан Бұқарбай: **

Мұхаметжан Тынышбайұлының еңбегін қазақ тіліне аударып шығару біз үшін де еліміз үшін өте маңызды оқиға. Тынышбайұлы – жүз жыл бұрын, Кеңес үкіметі кезінде еліміздің тарихының маңызын дәлелдеп тұтас ғылыми еңбек жазып кеткен тарихшы ғалым. Алғашқы теміржол инженері, сол кездегі думаның алғашқы депутаты. Шыны керек, бұл кітаптың тағдыры жеңіл болмады. Патша үкіметіне ұнамаған соң, оны тәркілеп, тіпті жойып жіберген еді. 90-жылдардың басында Тәуелсіздік алғанға дейін оны баспаға шығармағаны белгілі. Тек 1992 жылы орыс тілінде қайта басылды. Былтыр орысша нұсқасын шығардық. Қарасам қазақшасы жоқ екен. Бұл олқылықтың орнын толтыру мақсатында қазақшасы міндетті түрде шығуы керек деп қазақша нұсқасының жарыққа шығуына жұмыстандық. Қазақ оқырманы ұлтымызға қатысты тың деректерді, шындықты білуі керек деп есептеймін. негізі, әр халық өз тарихын өзі жазып, оқығаны жөн. Ақпарат көп бұрмаланғандықтан бұрын біз өз тарихымызды жеті білмей, танымай келдік.

Осы кітапты қазақ тіліне аударуға AmalBooks бастамашыл болып, оны ары қарай жүзеге асыруға көмектескен Choco холдингінің басшысы Рамиль мырзаға алғысым шексіз! Сонымен қатар, бұл туындының жарыққа шығуына себепші болған барша жанға рақметімді айтқым келеді.

Кітаптың жарыққа шығуына арнайы мамандар атсалысты, оның ішінде кәсіби аудармашы, алаштанушы, Мұхаметжантанушылар бар.Бұл кітапты шығармас бұрын аудармаға іріктеу жүрді. Жамбыл деген жігіт аударып шықты. Тарихи деректерді тексеру үшін сарапшы ретінде ғалым Гүлбану Жүгенбаева тексерттік. Ол кісі ғылыми жолында Мұхаметжан Тынышбайұлының мұрасын, өмірі мен шығармашылығын зерттеп келе жатыр. Өте сауатты аударма деп бағасын беріп, кітаптың алғы сөзін жазып берді.

Алаштанушы, ғалым, журналист Елдос Тоқтарбай Тынышбайұлының еңбектері тиісті деңгейде бағаланбай, болмысы лайықты құрметке бөленбей жүргенін тілге тиек етті. Е.Тоқтарбай өз сөзінде Тынышбайұлы сияқты тұлғаларды ұлықтау қоғам үшін маңызды екенін, ал жазған дүниелерін әрбір қазақ оқырманы оқуға тиіс екенін басып айтты.

Қоғам қайраткері, Алашорда үкіметінің төрағасының орынбасары әрі Түркістан автономиясының тұңғыш премьер-министрі қызметін атқарған, қазақтан шыққан тұңғыш темір жол саласының инженері Мұхаметжан Тынышбайұлының туғанына биыл 145 жыл толды. Десе де, оның 145 жылдығы жетім қыздың тойындай, елеусіз қалды. Ол керек десеңіз, қарапайым мысал, Тынышбайұлының атындағы көшенің сиқы, қазіргі уақытта 3 метрге жетпейді, ал оның жанында Қазақстанды ешқашан көрмеген, ел танымайтын Тимирязев атына ең үлкен даңғылды беріп қойып отырмыз.

> Осы ретте мұндай тұлғаларымызды біз құрметтеуіміз керек екенін баса айтамын. Себебі мұндай тұлғалар жылына емес, ғасырына бір туады. Өкінішке қарай, осы тұлға 1937 жылы қуғын-сүргінде репрессияға ұшырады. Ендігі жылы біз Мұхаметжан Тынышбайұлының 150 жылдығын ЮНЕСКО деңгейінде тойлауға атсалысуымыз керек.

Компанияның қаржылық қолдауының арқасында AmalBooks баспасы кітапты 1500 дана етіп ұсынып отыр.

> “Негізінде, біз зерттеумен айналысамыз, әдетте, тың деректерді шығарамыз, сондықтан мұндай жауапты әрі сауапты дүниені Choco холдингінің негізін қалаушы Рамиль Мухоряповқа айтқанда, ол қазіргі оқырман үшін оның маңызды екенін түсініп, ұсынысымызды бірден қабылдады”, - дейді Бақытжан Бұқарбай.

**Choco холдингінің басшысы Рамиль Мухоряпов**

“2022 жылы менің өмірімде “дағдарыс” туындаған уақытта қызметкеріміздің бірі осы кітапты маған сыйлаған болатын. Ол кезде мен бұл кітаптың тек орыс тілінде шыққанын білмедім. Қазақша нұсқасы бар деп ойладым. Тынышбайұлы - ел мойындаған, мың жылда бір туатын тарихи тұлға, тарихшы, өзі өмір сүрген кезеңде қазақтар туралы ірі зерттеу жүргізген ғалым. Тынышбайұлы батырлар, жүздер туралы тың деректерді біріктіріп кітап етіп шығарды. Сондықтар, бұл кітаптың өмірге келуіне себепші болғым келді. Өзіңді тануға көмектесетін мұндай тың дүниені оқығанда іштей мақтанышың оянады, өзіңді түсінуге көмектеседі. Менің ойымша, бұл кітап әр адамның үйінде болуы керек.

---

Source: [https://yvision.kz/post/kazak-halkynyn-tarihy-amalbooks-baspasy-kazak-okyrmandaryn-kuantty-1011310](https://yvision.kz/post/kazak-halkynyn-tarihy-amalbooks-baspasy-kazak-okyrmandaryn-kuantty-1011310)