---
title: "Каспий теңізінің бойындағы 3,4 мың гектар жер 3,3 млрд теңгеге сатылған"
description: "Маңғыстау облысының прокуратурасы Каспий теңізінің жағалауы бойындағы 3,4 мың гектар жер учаскесін жеке тұлғаға заңсыз беру фактісін анықтады. Кендерлі құм"
author: "jan.123"
published: "2024-02-19T06:58:48+00:00"
modified: "2024-02-19T06:58:48+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/kaspiy-te-izini-boyynda-y-3-4-my-gektar-zher-3-3-mlrd-te-gege-satyl-an-1001311"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/kaspiy-te-izini-boyynda-y-3-4-my-gektar-zher-3-3-mlrd-te-gege-satyl-an-1001311/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Каспий теңізінің бойындағы 3,4 мың гектар жер 3,3 млрд теңгеге сатылған

> Маңғыстау облысының прокуратурасы Каспий теңізінің жағалауы бойындағы 3,4 мың гектар жер учаскесін жеке тұлғаға заңсыз беру фактісін анықтады. Кендерлі құм

*Маңғыстау облысының прокуратурасы Каспий теңізінің жағалауы бойындағы 3,4 мың гектар жер учаскесін жеке тұлғаға заңсыз беру фактісін анықтады.*

![Каспий теңізінің бойындағы 3,4 мың гектар жер 3,3 млрд теңгеге сатылған](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/d03be569ea5a5309e1a9bd29d0ec52.jpg)

Кендерлі құмқайыры деп аталатын бұл учаске шығанақтың оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай 23 шақырымға созылатын облыстың басты көрікті жерлерінің бірі болып табылады.

Бастапқыда, 2007 жылы жер учаскесі «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-на сауықтыру кешенін салу үшін 3,1 млрд теңгеге сатылып, кейіннен «Гелиос» ЖШС-не 3,3 млрд теңгеге қайта сатылғаны анықталды.

Талдаумен аталған жер учаскесі ЖАО-мен ҚР Жер кодексінің талаптарын бұза отырып, заңсыз берілгені белгілі болды.

Атап айтқанда, жер комиссиясының отырысы өткізілмегені, сондай-ақ жер учаскесіне жерге орналастыру жобасы бекітілмегені анықталды.

Осылайша, жер учаскесін берудің жалпы тәртібі бұзылды (Жер Кодексінің 43-бабы).

Облыс прокуратурасының қадағалау актісінің негізінде уәкілетті орган сатып алу-сату шарттарын жарамсыз деп тану туралы сотқа талап-арыз енгізді.

Экономикалық соттың шешімімен талап қоюшының талаптары толық көлемде қанағаттандырылды (заңды күшіне енген жоқ).

Бүгінгі күнде жер учаскесінің кадастрлық құны 30 млрд теңгеден асады.

---

Source: [https://yvision.kz/post/kaspiy-te-izini-boyynda-y-3-4-my-gektar-zher-3-3-mlrd-te-gege-satyl-an-1001311](https://yvision.kz/post/kaspiy-te-izini-boyynda-y-3-4-my-gektar-zher-3-3-mlrd-te-gege-satyl-an-1001311)