---
title: "Кандидаттар Есбол ауылында"
description: "\"Nur Otan\" партиясы Махамбет аудандық филиалы сайлау алды штабының бекіткен іс-шаралар жоспарына сә..."
author: "mahambet.nurotan.kz"
published: "2020-12-18T10:41:05+00:00"
modified: "2020-12-18T10:41:05+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/kandidattar-esbol-auylynda-893701"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/kandidattar-esbol-auylynda-893701/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Кандидаттар Есбол ауылында

> "Nur Otan" партиясы Махамбет аудандық филиалы сайлау алды штабының бекіткен іс-шаралар жоспарына сә...

"Nur Otan" партиясы Махамбет аудандық филиалы сайлау алды штабының бекіткен іс-шаралар жоспарына сәйкес Махамбет аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар жәнеде ерікті жастар болып "Есіктен есікке" акциясы аясында Есбол ауылында үйлерді аралап үгіт-насихат жұмыстарын жүргіздік.

![Кандидаттар Есбол ауылында](https://storage.yvision.kz/images/user/443450/89ddd7cf763eb05d8b47e48c0c529f.jpg)

Ауыл тұрғындарына партияның алдағы 2021-2025 жылдар аралығына жасақтаған сайлауалды бағдарламасын таныстырдық. Ауданға қатысты дайындалған бағдарламада, соның ішінде ауылдық жерлердегі ірі және ұсақ мал басын көбейту, ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығын, орта және шағын кәсіпкерлікті дамыту, медицина саласына мамандарды тарту сияқты, сонымен қатар, Есбол ауылындағы өзекті мәселелердің бірі Есбол-Қазыбай каналының іске қосылуына ықпал жасау, су бөгеттерінің құрылыстарына жөндеу жасау, ауыл ішінде ашық спорт алаңдарын салу секілді тағы басқа жұмыстар бағдарламада қарастырылып отырғанын, алдағы уақытта жүзеге асатынын түсіндірдік.

![Кандидаттар Есбол ауылында](https://storage.yvision.kz/images/user/443450/a38bbc995b8aeabd5adf598b80f5a1.jpg)

Бағдарламаны естіп, түсінген ауыл тұрғындары арасынан жүзінен қуаныш көріп, сайлауға келетіндерін, "Nur Otan" партиясына дауыс беретіндеріне қуана жеткізген тұрғындарымызға риза болдым. Тіпті ауыл тұрғындары арасынан үлкен әжелеріміздің батасында алдық. Әрине, қарттарымыздың қолдауының өзі бір көңіл қуантарлық 📷 Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз! NurOtan-ға дауыс бер! #NurOtan #JenimpazBol #Твойголоствоясудьба!

---

Source: [https://yvision.kz/post/kandidattar-esbol-auylynda-893701](https://yvision.kz/post/kandidattar-esbol-auylynda-893701)