---
title: "КӨШЕ ӨНЕРІ ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ"
description: "Облыстық Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мектеп оқ..."
author: "dvd_sko"
published: "2019-05-25T14:18:01+00:00"
modified: "2019-05-25T14:18:01+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/k-she-neri-esirtkige-arsy-833154"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/k-she-neri-esirtkige-arsy-833154/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# КӨШЕ ӨНЕРІ ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ

> Облыстық Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мектеп оқ...

Облыстық Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мектеп оқушыларымен бірлесіп, ғасыр індеті – есірткіге қарсы күрес іс-шарасын іске асыру мақсатында Петропавл қаласының Назарбаев көшесіндегі көпқабатты үйдің алдында «Street-art есірткіге қарсы» атты акция ұйымдастырып өткізді. Аталмыш акцияның мақсаты – жас ұрпақты қоғамдық кеселден қорғау және есірткі айналымына тосқауыл қою.

Көптеген көпқабатты үйлер мен ғимараттардың қабырғаларында қаптаған жазулардың ішінде улы зат саудалайтындардың сайттары, нөмірлері мен жеке парақшалары жазылған. Жасөспірімдер болса, қызық көріп сілтеме бойынша сайтқа кіріп, есірткі таратушылардың қармауына тап болып жатады. Сондықтан да полицейлер күш біріктіріп, осы зұлымдыққа қарсы күрес іс-шараларын іске асыруда. Жасырын жарнамаларды жою жолында көптеген акциялар өткізіліп, қазіргі таңда оған жастар қауымы да жұмыла жұмыс жасап жатқандары қуантады. Ертеңгі күндерінің жарқын болуын қалап, керісінше қабырғадағы жазулардың орнына тамылжыған құстар мен құлпырған гүлдердің бейнесін салған граффитидің авторы Станислав Алерттің еңбегі Назарбаев көшесі екі үйді қосып тұрған арканың қабырғасында пайда болды. Ол өзінің суретімен жиылған бір топ мектеп оқушыларының назарын аударды.

Акция барысында бір топ оқушылардың алдында сөз сөйлеп жастарға жалынды баяндама оқыды. Балалар да белсенді қатысып, өздерінің нашақорлық мәселесіне байланысты ойларын, көзқарастарын білдіре алды. Солтүстік Қазақстан облысының жастар клубына мүше №42 орта мектебінің оқушысы Марат Әубәкіров: «Біз – жас ұрпақпыз, біздің өмірімізде есірткі деген ұғым жоқ, біз оны қабылдамаймыз және жастарға да кеңес бермейміз», - деген тоқтамды ойын айтты.

Жасөспірімдер мен полицейлер барлық қалалықтарды осы зұлымдыққа бейжай қарамауға шақырды. «Бұл арада қоғам да белсенді атсалысуы қажет. Қауіпті жазуларды тұрғындардың өз бетінше бояуға мүмкіндіктері бар, олар туралы полицияға хабарлай алады. WhatsApp мессенджерінде 8-707-500-96-65 нөміріне қоңырау шалуға болады», – дейді СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция полковнигі Жандос Басыбаев.

Ендігі кезекте кез-келген адам кешеден бастап көпқабатты үйдің ауласынан өтіп бара жатқан кезде үйдің сыртында бейнеленген суретке бей-жай қарамай өтпесі анық.

![КӨШЕ ӨНЕРІ ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/4e185f95d5cb56a9182c99eb73c777.jpg)

![КӨШЕ ӨНЕРІ ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/1ee8fc4d9e27887f27d07bca1511a1.jpg)

![КӨШЕ ӨНЕРІ ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/9394e140c6a7bc2126b8c56cf8902b.jpg)

![КӨШЕ ӨНЕРІ ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/9bc150cf7d1110b0cf52bd4a49e2a2.jpg)

![КӨШЕ ӨНЕРІ ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/43717f5d5aa0d1bc9fc42b2152314d.jpg)

![КӨШЕ ӨНЕРІ ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/06b551fd2de18c4b83688e5790ad86.jpg)

![КӨШЕ ӨНЕРІ ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/c3205579dd2b035f75cf0e114c1194.jpg)

![КӨШЕ ӨНЕРІ ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/bd72646b5c96ce829b810a95c2ee15.jpg)

![КӨШЕ ӨНЕРІ ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/85ab8b56591a58ecc56d42f71c865f.jpg)

Әсемгүл Әлмішева, Венера Тұрагелді, СҚО ПД баспасөз қызметі

---

Source: [https://yvision.kz/post/k-she-neri-esirtkige-arsy-833154](https://yvision.kz/post/k-she-neri-esirtkige-arsy-833154)