---
title: "КӨП ТОМДЫҚ ШЫҒАРМАЛАР ЖИНАҒЫ-ӘЛ-ФАРАБИ МАҚАМЫ ЖӘНЕ ЖҰЛДЫЗДАР АҢЫЗЫ"
description: "ӘЛ-ФАРАБИ МАҚАМЫ ЖӘНЕ ЖҰЛДЫЗДАР АҢЫЗЫ «Ал-машриқ (آلمشرق=31+640=671), Мұнда (جنداً=58), Ал- Тү..."
author: "kitap25"
published: "2016-04-05T22:45:17+00:00"
modified: "2016-04-05T22:45:17+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/k-p-tomdy-shy-armalar-zhina-y-l-farabi-ma-amy-zh-ne-zh-ldyzdar-a-yzy-687677"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/k-p-tomdy-shy-armalar-zhina-y-l-farabi-ma-amy-zh-ne-zh-ldyzdar-a-yzy-687677/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# КӨП ТОМДЫҚ ШЫҒАРМАЛАР ЖИНАҒЫ-ӘЛ-ФАРАБИ МАҚАМЫ ЖӘНЕ ЖҰЛДЫЗДАР АҢЫЗЫ

> ӘЛ-ФАРАБИ МАҚАМЫ ЖӘНЕ ЖҰЛДЫЗДАР АҢЫЗЫ «Ал-машриқ (آلمشرق=31+640=671), Мұнда (جنداً=58), Ал- Тү...

**ӘЛ-ФАРАБИ МАҚАМЫ ЖӘНЕ ЖҰЛДЫЗДАР АҢЫЗЫ**

«Ал-машриқ (آلمشرق=31+640=671), Мұнда (جنداً=58), Ал-

 

Түрк (آلتركٌ=31+620=651) деген хадис сөздерінің тамыры терең хақ=шындық екенін еске алып, басшылыққа ала отырып, халқымыздың ертедегі аңыздарының шыққан тегіне көз жіберіп қарайтын болсақ, тамаша шындықтың беті ашылатын түрі бар.

 

Мысалы: «Өгізхан» аңызының негізі екінші мүшел жұлдыз Сиырдың (Саурдің-Үркердің) жыл есебіндегі ал - тын орнын жұмбақтаған. «Ертөстікте» жеті хат көк сипаты берілген. «Алыптар» ертегісіндегі жылдың төрт маусымы бар. «Қырық өтірікте» аспан ілімінің тамаша, адам айтса нанғысыз мәліметтері, әдістері берілген (компас сыры, жұлдыз өлшеу әдістері). «Көрғұлыда» соған жалғасады. «Қозы Көрпеш-

 
 

277

 

Баян сұлу» аңызында аспан әлемінің ғалами қозғалысы сипатталған. Осы аңыздардың бәрі біріне бірі сабақтас, аспан ғылымын терең білген данадан шыққан деп білеміз. Мұнда екі негіз бар. Бірі аспан сырын жақсы тексеріп білген нақты ғылыми негіз. Ол ғылыми «Темір Қазық» негізі. Екінші жағы ғылым табыстарын өнер арқылы халыққа тарату. Ғылыми табыс ондаған адамдарға ғана белгілі болса, оның өнерге айналған түрі мыңдаған адамдарға тарайды. Сол арқылы, сол халықтық сипат арқылы өнер атадан балаға, ғасырдан ғасырға өтіп сақталады. Біздің айтып отырған аңыздарымыз сол ғылыми табыстардың өнерге айналған бейнесі, көлеңкесі деуге болады. Санаулы адамдарға ғана мағлұм болған ғылыми табыстардың негізі ұмытылған. Оны жасаған адамдар да ұмытылған. Олардың жасаған құрылыстары да қираған, жер астына көмілген. Мыса-лы: Отрар – Фараб сынды. Низами, Науаилардың «Жеті ару» поэмалары соған мысал.

 

Біздің мақсатымыз сол тамаша мол тарихи мирастың аз да болса, шама келгенше бетін ашуға тырысу.

 

Бұл мәселенің шет жағасы айтылды. Мысалы Тұран қақпа түсінігі, Темір қазық түсінігі. Осымен байланысты ертеден келе жатқан бір ауыз жұмбақты еске алайық:

 

Екі емен, жеті терек, алты Қайың, Басында жапырағы бәрі-дайын.

 

Бір Шынар, үш қарағай, бір жалғыз тал, Баршасын айта беріп не қылайын.

 

Шешуі: Екі емен - Ай мен Күн, Жеті терек - Жеті қарақшы, алты қайың - Үркер тобындағы алты жұлдыз, бір Шынар - Темір қазық, үш қарағай - Таразы. Бұлардың айналасы толған жапырақ - жұлдыз көп. Олардың баршасын айтып тауыса алмаймыз. Бірақ осы айтылған аспан жолын білсек адаспаймыз.

 

Екі емен Ай мен Күн - Тұранның қақпасы. Аспанның сағат тілі Жеті қарақшының маңдай жұлдыздар сызығы сол Қақпадан басталады. Сол сызық арқылы ғалам кіндігі Темір Қазықты табамыз. Ол арқылы Үркерді табамыз. Сонымен: Емен-Терек-Шынар-Қайың жолы шықты. Уақыт есебі осылармен айрыла-ды. Енді қалды үш Қарағай –Таразы және жалғыз тал-Шолпан.

 
 

278

 

Бұл таң Шолпаны –Таңсық (Таңшық), Арыстан баптағы (Емен қақпадағы) Күннің, таңның хабаршысы (Таңшығы)-Таңсық. Баянның сіңлісі.

 

Баян – ол Ай, емен Қақпаның оң босағасы (Айман Шол-пан). Оның екінші сіңлісі Айқыз (немесе Қызай). Ол көмескі көрінетін Жұлдыз (һарміс). Үш қарағай – таразы, 7-мүшел жұлдыз, қазақша ол жылқы жылы. Жылқы –ат- ғадалат тара-зы- бұл айтылған Шолпанның үйі орыны сандық – мәні шындық: 108. Айқыздың басқы үйі Жауза (Егіз-Барс) үшінші мүшел (үш қарағай). Сандық мәні парыз саны - 17. Екеуін көбейтеміз, бо-лады протон саны: 108*17=1836.

 

Алты Үркер – Сиыр (сәуір) болғанда ол «Өгізхан» (Алты қайың-алты бақан – алты алаш). Ал Қозы Көрпеш Кім? Ол жаңа туған – ол жыл басы 1-мүшел Хамал (Көрпелес қозы). Болашақ Көк Қошқар. Ол Қошқар мүйізді тажы киген хан-Зұлқарнайын. Ондай Қос мүйіз Сәуірде де (Бұқада да) – Сиырда, Өгізханда да бар. Бұлардың қайсысы бұрын болған хан?

 

Жыл басы тоғыс (теңеліс) ноқаттының ілгері ығысу (жыл-жу) заңы бойынша Әулие Өгізхан, онан кейін Қозы Көрпеш не-месе Амонхан. Жыл басының бір мүшелден екінші мүшелге ауысуы 2144 жыл шамасында болмақ. Тарихтан дәлел. Осыдан 6000 жыл шамасы Шумерден қалған тасқа жазылған мәлімет бар. Онда былай деген: «Қазір жыл басы сиыр. Онан бұрын Жауза (Егіз-Барс) болған».

 

Кезі келгенде айта кетелік. Жазира халқы Шумер - Кенгір елінің тілі ертедегі түркі тілге жақын болған. Олардың жылна-малары мен біздің мүшел есептері сәйкес келеді.

 

Түркі нәсілдес халықтардың мәдени бастауы шығыста болғаны айтылған хадистан белгілі (آلمشرق). Біздің тарихи қазіргі зерттеулер соны растайды.

 

Осымен байланысты Шумерден бұрынғы мәдени орталық Шығыста, Абақан аймағында болғанына дәлел бар.

 

«Ат байладым Абаққа, жеміс салдым табаққа»-

 

деп келетін аңызды алайық.

 

Осы «Абақ» түсінігі бір күрделі және талас-маслас. Өйткені

 
 

279

 

«Абақ» деген есеп шоттың ертедегі түрі, күні бүгінге дейін келе жатқан ғылыми құрал, ғылыми әдіс. Оны біз өзіміздің ежелгі төл сөзіміз дейміз. Оған батыс елдері таласпақшы болады. Оны-сы бекер екенін төменде, Аллаһ қаласа көресіздер. Бұл түсінік есеп ғылымының, астрономияның белгілі бір негізі болып та-былады. Өйткені Абаққа Ат байлау деген түсінік Жұлдыздардың орнын табу болмақ. Демек ол 56-сүреде айтылған зор мәселе екенін білеміз. Абаққа Ат байлап, табаққа жем салу деген ол

жемдеу, бордақылау орны, ол оттық-науа немесе қорық,

бақша, шарбақ мағынасында. Арабша оның аты «Миғлаф» (معلف). Мұнда «ғилаф» жем, мал азығы мағынасында. Халықаралық астрономияда бұл сөз бір шоқ жұлдыз аты.

 

Ол оттық (Абақ-Миғлаф) жұлдыз шоғы 4-Мүшел Қоян жұлдыз тобының төбесінде. Ол қоян Айдың үйі болып сана-лады. Оның арабша ай аты Саратан-Шаян. Ол Арыстан бап пен қатардағы екінші емен қақпа – Қышқаш бап (Шаянның ертедегі түркі аты Қышқаш).

 

Халқымыздың тағы бір аңызын еске алайық. Ол «жыл ба-сына талас» аталады. Түйе бойына сеніп жылдан құр қалған деседі. Екінші жағынан ежелден келе жатқан аңыз бойын-ша Қоян мен тасбақа Айдың жануары. Қозы Көрпештің досы Айбастың мінгені Бақа Айғыр. Түйенің азған түрі Қоян деседі. Сонан кейін Желмая, маябоз сол түйе - Айдың жануары. Араб-ша Саратан деген сөздің өзі сонан алынған болар. Өйткені мон-

голша сары-Ай, Атан – түйе.

 

Сонымен сайып келгенде Ат байладым Абаққа деген Ай өзінің белгілі орнына қонды деген сөз. Ол есеп басы, жыл басы. Есеп шот Абақ - сонан алынған. Оның мәнісі: Төрт бұрышты сандықша жәшік алады да соған Құм толтырады. Сол құм бей-не табаққа (оттыққа) салған жем мағынасында. Құмның беті сіздің белгілемек ауданыңыз. Айтайық аң аулайтын аймағыңыз. Соның қай жеріне ау құрасыз, абақ құрасыз. Кішкене шарбақ (қамба) жасап, төріне жем салып қояды да, сол жемге тиіскенде шарбақ (абақ) есігі жабылып қалады. Аң абаққа түседі. Абақты деген сөз де сонан.

 

Есеп жағына келгенде Абақ құмының бетіне белгілер қою. Мысалы, шыбық шаншады, немесе ұсақ тас-Құмалақ

 
 

280

 

қолданады. Ол құмалақтардың қатарларын он саусақ секілді оннан санайды. Бірінші қатар бірден онға дейін. Екінші қатар оннан жүзге дейін. Үшінші –жүзден мыңға дейін. Демек, есеп шот тәртібі. Сандарды санаттық топтастыру – абжәд есебі.

 

Сол абақ бойынша аспандағы жұлдыздар орнын белгі-леуге болады. Мысалы айдың туған, толысып-толған, солған, жоғалған орындарын, Күннің шыққанын, түстік бағытын, ба-тысын тағы басқасын.

 

Сонымен, Ат байладым Абаққа деген заман Жыл басының Ай үйінде Қоянның болғаны деп білеміз. Онан кейін жыл-жу заңы бойынша жыл басы Барыс болған. Жоғарыда Шумер мәліметі бойынша Сиырдан бұрын Барс (Егіз-Жауза) жыл басы болған деген сөз бар еді ғой. Енді, міне, онан әрі тағы бір мүшел - саты ығысқанда жыл басы Қоян болғаны мәлім. Оны «Абақ» белгісі сақтап қалған. Айтылған есеп бойынша оған мөлшермен алғанда 10000 жыл шамасы өткен. Оны Абақхан заманы деуге болады. Бәлки, қазіргі Абақан атауы сонан шыққан болар. Оны зерттеу керек.

 

Қояннан әрі тағы бір мүшел саты ығыссақ, онда Ұлу жылы. Ол Күннің үйі, ол Арыстанбап (Асад). Ұлу жылы – ұлы жылы жыл басы бір кезде сол болған деуге болады. Қазіргі заман-да теңеліс ноқаты доңыз Хұт (Балық) мүшелінде Ұлу бесінші мүшел... Сонда ол осыдан 13000 жыл шамасы бұрын болған деуге болады. Ол Күнхан заманы, немесе Арыстанхан заманы деуге болады. Енді осы айтылғандарды еске ала отырып Қозы Көрпеш Баянға оралайық.

 

Баян түнгі аспан қожасы Ай. Ол Құстың көркі қасиетті Аққу... Мұнда Ақ та, қу да (ақ), яғни Ақ та Ақ. Ал оның тасы ақық (немесе ахақ). Оның металы күміс (47). Ол Қу (Ақ) мыс деген сөзден шыққан. Мыс Шолпан –Таңсық (Таңшық), яғни Айман Шолпан шықты бір анадан. Шолпанның негізгі үйі 7-мүшел – Мизан-таразы (Жылқы) екенін білеміз. Тегінде жеті хат көкті жеті Ат-Саяқ немесе жеті Ай деп те атау бар.

 

Ат байладым Абаққа дегенде де сол Ай аты. Енді Айдың ме-талына күміске мүшел санатын (7-жылқы Ай) санын қосамыз:

 
 
 

281

 

; 54- Ал-Қамар (Ай) - Құран сүресі, 40- пайғамбар саны. Осы 40-сүреден бастап жеті рет қайталаған хм(حم= 48) муқаттағаты бар екенін білеміз. Сонымен қатар 54-сүренің жиы-ны тағы соған соғады. Яғни ол 480=48*10. Ойлап қараңыз? Жыл басы Қозының (Хамалдың) іздегені Баян болғанда, ол Қос Ай, Ақ-қу, яғни батыста іңірде жаңа туған Ай орағы мен Шығыста таң алдында туған таусылған ескі Ай орағы (біріне бірі қарама қарсы, Қошқардың екі мүйізі іспетті). Сонымен Қос Ай бо-лады 54*2=108. Бұл хақ (حق=108) шындық саны, молшылық саны. Жаңа жылда тілек еткендер барабан- қоңырауды 108 рет соғатыны сол (Жапония т.б.). Тегінде Айдың тасы Ахық-Алхақ А+хақ- мағынасында болуы ықтимал.

 

Осы қасиетті сан-дәуір саны, Баянның екі сіңілісі де бар. Соны ойлап қараңыз! Оны түсіну үшін Баян көшінің бағытын түсіну керек. Ол үшін Тұран қақпасын табу керек. Қозы мен Баян арасын жалғастырушы досы Айбас. Оны Шоңай деп бі-леміз. Яғни айлардың басшысы – Зоры, Шоңы сол. Нотасы

 

– бас нота -5/3, металы қалайы (50), тасы Ал-иақут (548), оның минералдық саны Al2O3=13*2+8*3=26+24=50; Осы сандарды қосамыз: 548+50+50=648=108*6

 

Ол Шоңай алтыншы аспан, алтау –алты алаш, алты күн хақтық дүние жаралды деп білеміз.

 

Айқыз (Қызай) туралы. Бұл екінші аспан Ғұтарад – һарміс– Ыдрыс жұлдызы, Тұран Қақпасының босағасы. Оның маңдайшасы айтылған Шоңай. Айқыздың тасы Ал-Маржан (351), металы сынап (80). Екеуін қосамыз да екі есе күн нотаға көбейтеміз:

 
 

;

 

Өйткені ол Күнге ең жақын нөкер. Сонымен шығады:

 

1) Ай . . . . 108 =108*1

 

2) Айқыз . . 1080 =108*10

 

3) Шолпан. .108*1

 
 

282

 

4)Шоңай . . . 648 =108*6 108*18=1944.

 

Оған періштелер санын қосамыз:

 

; Тамаша сандар!

 

Айқыз (Қызай) жөнінде қосымша мәлімет Үркердің (Алты қайыңның) біреуінің аты Мая. Айқыз – Ғұтарад сонан туған деседі... Ол мая – Желмая түйе мағынасында болғанда ол Үркермен тоғысқанда жыл басы болмақ. Екінші жағынан ол Ғұтарад-һарміс Ыдрыс жұлдызы болғанда оның саны: мәні 71*4=284. Ол болады сандас Фараб-Отрармен.

 

Үшінші жағынан ол Тұт (Тот) ағашын – жібек ағашын өсірген. Осы Әулие аты Тот болған. Оның сандық мәні 806. Қыз деген сөз арабша Жібек-таза деген сөз. Сонда Айқыз Ай жібек болады.

 

Осы сандардан шығады:

 

108*18+806=1944+806=2750=275*10.

 

Бір тамашасы сол Ыдрыс деген сөздің сандық мәні 275 (ادريس).

 

Оны ығысу (жылжу) жыл санына қосқанда темір саны,хамды саны шығады:

25725+275=26000=52*500 (пешене).

 

Екінші жағынан

 

806+71*4+71*10=806+71*14=806+994=1800=360*5 (пешене).

 

Ойлап қараңыз. Аллаһға шүкір. 3/12-1994.

Жұлдыз –

Бүгін жаңа жыл басы 1995=15*133. Ол 15- Ал-Хижыр (тас)

Қой – мүшелі (егіз –

сүресі. Оны екі еселейміз, болады Отрардың отыз бабы, неме-се Ыдрыстың зумруд тасы - Шолпан тасы (266). Яғни: 15*266= =1995*2=3990. Оның өзі оның үшкілімен байланысты:

 
 

немесе

 
 
 

283

 
 

немесе

 
 
 

Бұл судың (Нілдің) сәуле сындыру тұрақтысы. Бұл жыл АБЖД жылы. Оған кейін, Аллаһ қаласа оралармыз.

 

Бір тамаша сан, Ыдрыс пайғамбардың үш есімі Ай, Айдос, Қосай-хақ санына, дәуір санына дәл келеді. Олар 284 - Ғұтарад (Фараб)-һарміс; 806 - Тот - Тұт ағашын өсірген; 1070 - Маслас

 

–үшкіл.

 

284+806+1070=2160=54*40=540*4=108*20=432*5.

 

Бұл – жаңа дәуір – Пешене дәуірі, жұлдыз дәуірі. Оның өзі болады шеңберлік есеп басы: 360*60=21600.

 

Ендігі бір мәселе Шопан Ата жайында. Шолпан жұлдызы Шопан жұлдызы, таң белгісі, Қой өргізу хабары. Оның Қозы Көрпеш-Хамал-жыл басы екені айтылды. Екінші жағынан Тұран халқының Шопан атасы, Қой мүшелі қайда? Соның орнын айыру керек. Ол сегізінші Мүшел Қой арабша Ғақраб (=عقرب Бүйі-қарақұрт) айына тура келеді. Қой қарақұрттың жендеті екені мәлім. Бұл бір. Екінші жағынан Қой деген мүшелдік атты жұлдыз мағынасында алғанда аспандағы жұлдыздар бей-не бір өрістегі қора-қора қойдай пытырап жатады. Қырық бір құмалақ ашқандар қойдың өріске шығатындығын құмалағымен пайдаланады.

 

«Өгізхан» аңызында Ақ-қой қара-қой оның екі босағасында болады. Оның өзі таң Шолпаны мен ымырт Шолпаны мағынасында болса керек.

 

«Қой» деген сөз арабша кум-куат мағынасында (قوى =116 = =29*4). Мұнда 29- мыс-Шолпан металы. Осыған байланысты «Қойан» деген сөз Аспан қуаты –Ай үйі мағынасында болуы түсінікті. Осы санды Шолпанның үй саны – мизан (таразы) са-нына қосалық:

 
 
 

284

 

.

 

Жұлдыз орын хақтық орын.

 

Еске ала кетелік. «Алыптар» ертегісінде Қойшының – Шопанның ұлы ең ірі алып болып табылады. Ғаламның алыбы адам баласы. Қозы Көрпеш сол деп білу керек.

 

Енді осы екі Қойды салыстырып қаралық. Жұлдыз орны бойынша жыл басы 1-мүшел Хамалдың да, 8-мүшел Қойдың да орталық аспаны 5=хат көк-Арай (марих = مريخ = 850), тегі темір. Осымен Шопан сандарын салыстырамыз:

 

;

 

Мұнан шығады:

 

537+313=850

 

626=313*2.

 

31- Қағбаның қара тасы көкте де, жерде де (=الحجراسود 31+ +211+71=313). Ойлап қараңыз, тексеріңіз, дамытыңыз! Онан шығады:

 

;

 
 
 

Алты (6) хат, металы қалайы (50). Олар 50+6=56.

қайталама.

 

Енді Хамал мен Ғақраб сандарына келейік. Хамал 78 - сан 8-суреттің жинақ саны, алты күн саны: 13*6=78=26*3 үш темір-үшкір темір - өткір темір (хадид). Ғақраб 372=62*6. Темірдің хадид текті айналық түрі алты есе.

 

;

 
 

285

 

9-1=8.

109028/-900=19028/

Текше (Қағба бұрышы,

ара ұясының бұрышы).

Демек, бұл сандар Тұран қақпасына әкеледі. Бұл түсінік мүшел жағынан да орынды: 26*3=78 болғанда, 3-мүшел Жау-за (Егіз-Барс) Қақпаның оң босағасы: 62*6=372 болғанда 6-мүшел Сүнбіле (Бикеш-Жылан) Қақапының сол босағасы. Еке-уін қосамыз:

;

 

15- тас, Отрарда отыз бап, 294- Маржан. Екі қой –екі Арай-екі темір тек, үшінші Темір Қазыққа жалғасқанда темір үшкіл шығады, бұрыштары: 150+1500150=1800. Ол болады:

1500 радиан.

 

Ол мүшел бұрышы:

 
 
 

Үшкілдің сандарын қосамыз :

 

26+78+372= 476= 119*4

 

онан шығады:

 

119+92= 211 – хижра ( тас) 119- Һандас - Ал+Нахл ( Ара) = 31+ 88= 119- саны. Ол өзі бір жұмбақ. --- =

100+ 19

 

« Каф» = 100 = 50+50 (сүре).. –

 

Мәселе осылай жалғаса береді. Аллаһға шүкір. Бірге ойласайық.

 

Енді 1995 жылы АБЖД санына ораламыз.

 

АБЖД есебіндегі барлық санды қосамыз: 55+140+300+ +1000 +1800+2700=5995

 

Осы төрт орынды санның үшеуі биылғы жылға дәл келеді. Екінші жағынан бұл Тұран қақпасының оң жақ маңдайшасы: 12 – мүшел-Хұт (Балық –Доңыз).

 
 

286

 

Осыларды еске алып , бір өрнек келтірдік:

 

4304-19*16 +1995 = 5995

 

4304 -304 + 1995 = 5995

 

Мұнда 4304 –Халифалар саны , 19 және 16 белгілі сандар. Олардан шығады:

 

19* 2= 38, 162 = 256

 

Нұр –(16-Ара сүресі) . Онан шығады:

 

4304 + 1995= 6299= 5995 +304= 6299

 

Осымен аяқтауға да болады. Бір ғана жоба ұсынамыз. Осы санға Ыдрыс тасы Зумруд тас атын қосамыз.(زمرد):

 
 
 

Онан шығады: 6550* 6= 39300= 3993 *100.

 

393- жеті металл саны, 50 - Алтыншы аспан саны, 56- жұлдыз орны, 108 - Таразы хақ саны, онан шығады:

 

393*2= 786= 678 +108

 

Бас бата саны, Абай саны, хақ саны. Инша Аллаһ жақсылық жыл болар. Амин! 1/1-1995. Аллаһқа шүкір.

 

Хут حوت= 414. Осы жыл санына. Жұлдыздың орын санын қосамыз:

 
 
 

47-Ай саны, Ислам саны. «Айың тусын оңыңнан»

179=100+79; 79-Алты Күн саны. «Жұлдызың тусын солыңнан» деген осы. Инша Аллаһ жақсылық болғай.

 

1/1-1995. Әл-Машани. الماشانى

 
 

287

 

Қозы Көрпеш Баянды аяқталық. Құрбан шалуға мал таба алмаған адам: «Хажылық кезде үш күн, кейін жеті күн, кейін жеті күн ораза, болады кәміл 10» деген Өркеш сүреде аят бар. (2-сүре, 196- аят). Осы үш сандағы мүшелдерді қоссақ та-маша өрнек шығады. Оны жаздық: Олар: 3-Барыс ( Жауза –егіз; 7-Жылқы ( Мизан- тарзы); 10- Тауық (Жады серке).

 

Олардан шыққан үшкілдің жер бетіндегі бұрыштары:

 

30*4+30*3+30*5,

 

яғни 3, 4, 5 садақ. Демек Ыдрыс үшкіліне сәйкес.

 

Бір тамашасы осы үшкілдің бұрыштарындағы сандар-дан шығады: 3- Жауза = 17,7 – Мизан 108; 10 Жады -17. Онан шығады:

 

108*17 = 1836- протон саны.

 

Осы санға Тұран Қақпаның оң маңдайшасындағы 12- мүше-Хұт (414) санын қосамыз :

 

1836+414+ 17+17= 2284= 1142 *2= 441 +701 441-Тұран тасы (Ахмад Иассауи тасы яшма) 701–ратқа (бірге). Екеуін қосқанда болды 1142-Зұлқарнайын саны. Мұны қалай түсінуге болады?

 

Ол үшін 1-суретке оралайық. Онда орталық Шаршы - Тұран Қақпасы деп отырғанымыз Жұлдыз шаршы: оның белгісі ( 53) (2- сурет). Онан басқа тағы сондай екі шаршы жазуға болады: Ай шаршы ( 54), Күн шаршы ( 91). Сонымен үш шаршының бұрыштары 12 мүшелді толтырады: 4*3 = 12.

 

Осы шаршылардың мүшел сандары болды: 53- Жұлдыз шаршы бұрыштары: 3+6+9-12 = 30 54- Ай шаршы бұрыштары: 1+4+7+10 = 22 91- Күн шаршы бұрыштары: 2+5+8+11=26

 

30 = Отыз бап, шеңбер өлшеуі жиыны = 94= 47 *2 садақ саны. 22=11*2= қосай :

 

26= 13*2= Қос Күн саны ( 8- суретті қараңыз ). Кейінгі еке-уі; Ку + Кб = 26+22= аспан шырағы (كوكب= 24-сүреде ).

 

Бәрі келіп Қос Ай- Күміс – Замзам пайғамбар санын береді-сандық сан шығады: 30+22+26=78 (8-суретпен салыстырыңыз).

 

Жер мен Көк иесіне иман келтірген ишараты осыдан айқын. Оның ғажайып құрылысы – һандастық өркеш текше –Қағба

 
 

288

 

– Байт Аллаһ жазамыз. Иман қосқан Һандас ( Ал- Нахл – Ара саны):

619

 

246-Жебрайл саны; 50 «Қ» сүре саны. Осы санды Зұлқарнайын санына қосамыз, болады:

1142 +738=

 

Пайғамбарымыздың мөр санына, Замзамға келіп тоқтадық. Сонымен Қозы- Көрпеш Баян қосылды, көш аяқталды. Оның аты « Өлі ара». Күн мен Түн теңеліп екі мүйіз Зұлқарнайын бірігіп (ратқа ), бір бас болды, жыл басы болды. 12- мүшел Хұт– Зулхажи хажылық ай, құрбан шалынды. Жыл көшінің ақыры. Онан кейін жыл басы – Хамал жаңадан қайта тірілмек. Бұл арада Ай шаршы сызығының бас жақтауы шықты: 1+2+3+4 мүшел. 1- мүшел-Хамал (тышқан) болса, оның аспаны 5- Арай еді ғой, ол 1- аспан Айға (4- мүшелге) қосылды. Екеуі ұялас екені есте болсын : Ай Күннің бергі ішкі жағындағы бірінші көк, Арай Күннің сыртындағы бірінші көк, яғни Күн өзі төртінші көк, Арай бесінші (4+1= 5) .

 

2-суретте ол айқын көрсетілген. Екеуінің түйіскен жаңа мүшелі 12+1= 13 екеуінің түйіскен жерінде. Бұл екеуінің ара-сында 2-3 мүшелдер, 3,2 олардың аспандары: 2+3= 3+2=5.

 

Олар Айқыз-Шолпан (Таңсық), қосылған достар қасында. Доспен досты қауыштырған – Қодар. Қодар тағдыр мағына-сында.

 

Аякөз- Бақанас өзендерінің Құйған аймағындағы « Қозы-Көрпеш Баян» ғимаратында осы төрт мүшелдің бейнесі ретінде төрт адамның мүсіні болғаны белгілі.

 

Қорытып айтар болсақ бұл ғимараттың өзі «Абақ» мағынасында деп білу керек.

 

Хақас халқының орталығы Абақан мен Қозы-Көрпеш Баян ғимараты арасында байланыс болуы ғажап емес. Бұл мәселені зерттеу керек деп білеміз. Ол барып Тұран қақпасына жалғасады. Ол барып Шумерге, Арабстанға – Мекке – Мединеге, Мысырға

 
 

289

 

жалғасады. Екінші жағынан ол Америка Құрлығына, Юкотанға, Маяға жалғасады.

 

Тамаша хикмет сырлар жатыр. Оның негізгі басында айтылған хадистан айқын.

Аллаһға шүкір. 2/1-1995

---

Source: [https://yvision.kz/post/k-p-tomdy-shy-armalar-zhina-y-l-farabi-ma-amy-zh-ne-zh-ldyzdar-a-yzy-687677](https://yvision.kz/post/k-p-tomdy-shy-armalar-zhina-y-l-farabi-ma-amy-zh-ne-zh-ldyzdar-a-yzy-687677)