---
title: "JANA channel — онлайн телеарна"
description: "Елімізге белгілі продюсер Баян Есентаева Youtube арқылы \"JANA channel\" деп аталатын онлайн арна ашт..."
author: "nuri123"
published: "2016-04-13T12:40:19+00:00"
modified: "2016-04-14T15:25:06+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/jana-channel-onlayn-telearna-689052"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/jana-channel-onlayn-telearna-689052/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# JANA channel — онлайн телеарна

> Елімізге белгілі продюсер Баян Есентаева Youtube арқылы "JANA channel" деп аталатын онлайн арна ашт...

**Елімізге белгілі продюсер Баян Есентаева Youtube арқылы "JANA channel" деп аталатын онлайн арна ашты.**

** ![](https://storage.yvision.kz/images/user/nuri123/wOv4WYsQqjXGgJoJOh3J1WRGVOXScV.jpg) **

**JANA channel** - бұл тәулік бойы ең үздік, ең жаңа Орталық Азияның клиптерін көруге мүмкіндік

**JANA channel** - Қазақстан, Өзбектсан, Қырғызстан сияқты мемлекеттердің бейнебаяндарын сапалы көру мүмкіндігі

**JANA channel** - әр апта сайынғы хит парадтар, "Новинки" айдарының күн сайын жаңартылуы және рок, поп, этно сияқты әртүрлі жанрлардағы бейнебаяндар

**JANA channel** - бұл онлайн телеарнаның жаңа форматы, не көретініңізді енді тек сіз ғана шешесіз. Барлық видеоларды тегін әрі HD сапада көре аласыздар.

Қазіргі таңда "JANA channel" арнасының Play Market арқылы Android-қа арналған мобильді қосымшасы шықты. Алдағы уақытта Appstore iOS -қа арнап шығармақшы. Ашылғанына небәрі бірнеше күн болса да арнаға жазылушылар саны - 12 205. Ал, 12-ші сәуір күні ашылған мобильді қосымшаны жүктегендер саны әзірге тек - 5. Баян Есентаеваның Instagram желісінде 1.5 миллионға жуық оқырманы барын ескерсек, бұл цифрлар әлі талай көбейеді.

Ендеше, жаңа бастамаларыңыз оңынан болсын!

---

Source: [https://yvision.kz/post/jana-channel-onlayn-telearna-689052](https://yvision.kz/post/jana-channel-onlayn-telearna-689052)