---
title: "«ІЗГІЛІК ЕЛШІСІ» ЖОБАСЫ ЖӘНЕ «BIZBIRGEMIZ» ЖАЛПЫ ҰЛТТЫҚ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ"
description: "2020 жылдың 30 сәуір күні БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі облыстық ақпараттық-ағартушылық Шта..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2020-04-30T12:42:31+00:00"
modified: "2020-04-30T12:42:31+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/izgilik-elshisi-zhobasy-zh-ne-bizbirgemiz-zhalpy-ltty-ayyrymdyly-akciyasy-855822"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/izgilik-elshisi-zhobasy-zh-ne-bizbirgemiz-zhalpy-ltty-ayyrymdyly-akciyasy-855822/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «ІЗГІЛІК ЕЛШІСІ» ЖОБАСЫ ЖӘНЕ «BIZBIRGEMIZ» ЖАЛПЫ ҰЛТТЫҚ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ

> 2020 жылдың 30 сәуір күні БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі облыстық ақпараттық-ағартушылық Шта...

2020 жылдың 30 сәуір күні БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі облыстық ақпараттық-ағартушылық Штаб мүшелерімен бірлесіп, «Ізгілік елшісі» жобасы және «BizBirgemiz» жалпы ұлттық акциясы аясында қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.

Шара аясында облыстағы әлеуметтік аз қамтылған бірқатар отбасыларға азық-түлік тауарлары және медициналық қорғаныс құралдары табыс етілді.

Өңірдегі тұрғындардың әлеуметтік осал топтарының тізімі БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясымен ұсынылды.

Жалпы ұлттық «BizBirgemiz» қайырымдылық акциясының негізгі мақсаты – елімізде енгізілген төтенше жағдайлар кезінде әлеуметтік осал топтағы отбасыларға қолдау көрсету болып табылады.

---

Source: [https://yvision.kz/post/izgilik-elshisi-zhobasy-zh-ne-bizbirgemiz-zhalpy-ltty-ayyrymdyly-akciyasy-855822](https://yvision.kz/post/izgilik-elshisi-zhobasy-zh-ne-bizbirgemiz-zhalpy-ltty-ayyrymdyly-akciyasy-855822)