---
title: "Из «Паралельной истории» Поэтические выписки"
description: "1-5. Про Алтая Толе би сказал Керею, сыну Турсынбай батыра: Асып тұрсаң Керей бол, үш арысқа Мерей б..."
author: "Kazanbass"
published: "2016-12-16T12:01:20+00:00"
modified: "2016-12-16T12:59:12+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/iz-paralelnoy-istorii-poeticheskie-vypiski-728096"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/iz-paralelnoy-istorii-poeticheskie-vypiski-728096/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Из «Паралельной истории» Поэтические выписки

> 1-5. Про Алтая Толе би сказал Керею, сыну Турсынбай батыра: Асып тұрсаң Керей бол, үш арысқа Мерей б...

1-5. Про Алтая Толе би сказал Керею, сыну Турсынбай батыра: Асып тұрсаң Керей бол, үш арысқа Мерей бол. Уақ болсан Шоға бол, Даулы iске дауа бол. Арғын-қыпшақ болсаң Алтай бол Найман-қоңырат болсаң Матай бол ұлы жүз болсаң Ботбай бол. Кiшi жүз болсаң Адай бол, Бұл алтауы болмасаң қалай болсаң, олай бол.

Во время перекочёвки ауыла в ноябре месяце, жена Сармантая Тотия с отарой овец осталась одна в степи во время бурана, и лишь на четвертые сутки её нашли. После чего Сармантай провёл большой той, на котором присутствовал знаменитый акын - Бұқар жырау. В истории остались его слова:

Сармантай мына тойың құтты болсын, Қыдыр дарып, басыңа бақыт қонсын. Отың басы алтын тақ, жұмақ болып, Шаңырақ жарқыраған нұрға толсын. Айтайын саған ойымды Аянбай жаса тойыңды. Алланың саған бергені. Қыдыр бақты қойыңды.

Асхаттың ұлына - Есенкелдiге: Бұл өмipге келдi ғой, бір кішкентай, Кішкентай боп келсе де, бұл үлкен той. Өмірге келді, бір қазағым, азаматым, Қарап бақсаң, өмірдегі бір Үлкен ой

Өмір берсін азаматқа, бақыт берсін, Бақыттың тазасынан сарқып берсін. өз елін сыйлаған азамат боп, Қазақ халқы соңынан ұзақ ерсін.

Тіл көзден аман болып, саулық берсін, Өмірде адалдық пен шындық көрсін. Қазағым деп, бұл өмірде, өмір сүріп, Адал соққан жүрегіне қазақ сенсін.

Марат Серікқазы ұлы. 05.09.2003 ж.

---

Source: [https://yvision.kz/post/iz-paralelnoy-istorii-poeticheskie-vypiski-728096](https://yvision.kz/post/iz-paralelnoy-istorii-poeticheskie-vypiski-728096)